Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы жақын және алыс шетелдердің   клиникаларымен, орталықтарымен және қоғамдық ұйымдарымен ынтымақтастық байланыста. Атап айтқанда:

  • «Шаритэ» университеттік медициналық кешенімен (Берлин қ., Германия);
  • Ресей Денсаулық сақтау министрлігінің Д.Рогачев атындағы балалар гематологиясы, онкологиясы және иммунологиясы федералдық ғылыми-клиникалық орталығымен (Мәскеу қ.);
  • Украина Денсаулық сақтау министрлігінің Балалар кардиологиясы мен кардиохирургиясы ғылыми-практикалық медицина орталығымен (Киев қ.);
  • Әлемнің түркітілдес елдерінің Ұлттық педиатриялық қоғамы одағы;
  • РМҒА А.Н.Бакулев атындағы жүрек-қантамыр хирургиясы ғылыми-зерттеу институтымен (Мәскеу қ.Ресей);
  • РМҒА Балалар денсаулығы ғылыми орталығымен (Мәскеу қ., Ресей);
  • Нәрестелер реанимациясы және хирургиясы орталығымен, №1 ҚБА (Санкт-Петербор қ. Ресей);
  • Кардиохирургиялық орталығымен (Аджи-Баден қ. Түркия);
  • Академик Е.Н.Мешалкин атындағы Новосібір қан айналым патологиясы ғылыми-зерттеу институтымен (Ресей);
  • РМҒА «Кардиология ҒЗИ» Сібір бөлімшесімен (Томск қ., Ресей);
  • Балалар онкологиясы, гематология және иммунология ғылыми-практикалық орталығымен (Минск қ., Беларусь республикасы);
  • Ағзалар мен тіндердің трансплантациясы ғылыми-практикалық орталығымен (Минск қ., Беларусь республикасы);
  • HaeudaePaek hospital, РusanPaek Hospital (Оңтүстік Корея);
  • Иммуногистохимиялық зертханамен, (Киль қ. Германия)    
  • «КЭР-Германия» қайырымдылық ұйымымен;
  • Мотол университеттік клиникасымен (Прага қ. Чехия);
  • Р.М.Горбачева атындағы балалар гематологиясы және трансплантологиясы институтымен (Санкт-Петербор қ., Ресей).