Құрметті үміткерлер!

Резидентураға қабылдауға арналған құжаттарды ҚР ДСМ «Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы» қабылдау комиссиясы 3-31 маусым аралығында 050040 Алматы қ., Әл-Фараби даңғылы, 146 мекен-жайында сағат 09.00-ден 17.00-ге дейін қабылдайды.

Резидентураға түсу емтихандары 10-15 тамыз аралығында жүргізіледі.

ҚР ДСӘДМ «Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы» РМКК резидентурасына қабылдау 25 тамызға дейін жүзеге асырылады.

     Резидентураға қабылдау жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім берудің оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік ережесінде реттелген. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы №109 қаулысымен бекітілген.

     ҚР ДСӘДМ «Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы» РМКК резидентурасына жоғары медициналық білімі бар үміткелер қатыса алады.

   Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша азаматтарды резидентураға қабылдау емтихандарының нәтижелері бойынша қабылдау комиссиясы конкурстық негізде жүзеге асырады.

Резидентураға түсетін тұлғалар келесі құжаттарды тапсырады:

  • Директордың атына жазылған өтініш;
  • ЖОО бітіргені туралы дипломның көшірмесі, қосымшасымен бірге;
  • Интернатурадан өткені туралы құжат;
  • Жеке куәлігінің көшірмесі;
  • Еңбек кітапшасының нотариалды расталған көшірмесі (жұмыс істейтін тұлғалар);
  • 086-у үлгісіндегі медициналық анықтама;
  • 3х4 алты фото сурет;
  • Ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстардың тізімі (болған жағдайда);
  • Шарттық негізде түсетін тұлғалардың шарт жасауын және оқу шығындары төлеу туралы кепілдеме хат;
  • Әскери билеттің көшірмесі;
  • Әскери тіркеу куәлігінің көшірмесі (ер азаматтар үшін);
  • Қағаз тігуге арналған папка, пошталық конверт;

Тізімде көрсетілген құжаттардың көшірмелерімен бірге түпнұсқалары да ұсынылады. Салыстырып тексеруден кейін түпнұсқа қайтарылады.

Резидентураға түсетін тұлғалар ЖОО бітірушілері үшін белгіленген бағдарламалар көлемінде бір шетел тілі бойынша тест түрінде емтихан тапсырады (Қазақстан Республикасының Білім және ғылыми министрлігінің мемлекеттік білім беру стандарттары мен тестілеудің ұлттық орталығы әзірлеген).

Емтихан тапсыру кестесіне сәйкес ауызша/жазбаша түрде жоғарғы білім бағдарламасы көлемінде арнайы пән бойынша емтихан тапсырылады.

Резидентураға түсетін шетел азаматтары қазақ тілі мен орыс тілдерінен (оқыту тілі) және оқитын тілінде арнайы пән бойынша емтихан тапсырады.

Шетел тілін меңгерудің жалпы еуропалық құзыреттеріне (стандарттарына) сәйкес шетел тілін меңгергенін растайтын халықаралық сертификаты бар Қазақстан Республикасының азаматтары келесі емтихандар бойынша резидентураға түсудің шет тілінен емтихан тапсырудан босатылады:

- ағылшын тілі: Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm (TOEFL ITP - 460 балл кем емес), Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm Internet – based Test (TOEFL IBT, 87 баллдан кем емес), (TOEFL 560 баллдан кем емес), International English Language Tests System (IELTS, 6.0 балдан кем емес);

- неміс тілі: Deutsche Sprachprufung furden Hochschulzugang (DSH, Niveau С1/ С1 деңгейі), Test Da F-Prufung (Niveau C1/ С1 деңгейі); 

- француз тілі: Test de Francais International (TFI - B1 деңгейінен кем емес), Diplomed Etudesen Langue francaise (DELF, В2 деңгейі), Diplome Approfondide Langue francaise (DALF, С1 деңгейі), Тest de connaissance du francais (TCF - 400 баллдан кем емес).

Емтихандарды қайта тапсыруға болмайды.

Қабылдау комиссиясы түсу емтихандары бойынша конкурс негізінде әр үміткер бойынша шешім шығарады. Конкурстық балдары бірдей тұлғалар бейінді пән бойынша жоғары бағаға ие болуы, содан кейін «үздік» дипломы бар тұлғалар басымдық алады. Содан кейін тиісті мамандық бойынша ғылыми жетістіктері ескеріледі.

Резидентураға директордың бұйрығы бойынша қабылданады.


 
Құжаттарды қабылдау уақыты:
ДС-ЖМ – сағ 9.00 — 17.00
Мекен-жайымыз:
Алматы қ., Әл-Фараби даңғылы, 146

Анықтама үшін байланыс тел.: +7 (727) 299 13 92