Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы Балалар күнін атап өтті.
Шараның ұйымдастырушылары - "Help Today" қоғамдық қоры мен Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы.
Шараның басты мақсаты – ауыр дертке шалдыққан балаларға мереке, қуаныш сыйлау, аты жаман ауруды жеңуге деген сенім ұялату, көңілдерін көтеру арқылы бір сәтке ауруын ұмыттыру, психологиялық қолдау көрсету.
Шараның ашылуында Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының басшысы Риза Боранбаева мен "Help Today" қоғамдық қорының жетекшісі Эльмира Алиева балаларға жылы тілектерін айтып, барша қауымды Балалар күнімен құттықтады.
Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы Балалар күнін атап өтті.
Мерекелік концертке Парвиз Назаров, Айдана Меденова, "Талисман" тобы, "Tribal Pro" би тобы, Райм мен Артур және т.б. эстрада жұлдыздары қатысып, балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлады.
Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы Балалар күнін атап өтті
Өнер жұлдыздарымен бірге орталықта ем алып жатқан балалар мен олардың ата-аналары өнер көрсетті. Сонымен қатар дәрігерлер де қалыс қалмай, флеш-моб ұйымдастырып, арнайы биін балаларға тарту етті.
Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы Балалар күнін атап өтті
Шара барысында орталықта ем алған, ауыр дертті бір емес, екі рет жеңген, ұзақ және қиын жолдан өткен Алин Абдулам сөз сөйлеп, аурумен қалай күрескендігі жөнінде айтып, балаларға жақсылыққа деген сенім тіледі.
Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы Балалар күнін атап өтті
Шара аясында балалардың сурет көрмесі өтті. Балалар үшін аквагрим мен фотосессиялар ұйымдастырылды. "We Art" ұйымының еріктілері мен аниматорлары бүлдіршіндердің көңілін көтеріп, балалармен бірлесе түрлі ойындар ойнады.
Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы Балалар күнін атап өтті
Мереке соңында шараға қатысқан балалар мен Сурет байқауының жеңімпаздары "Help Today" қоғамдық қорының сыйлықтарымен және арнайы дипомдарымен марапатталды.
Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы Балалар күнін атап өтті
Айтулы мерекемен сонымен қатар "Бауыржан" қайырымдылық қоры құттықтап, кардиология, онкология және гематология бөлімінде жатқан барша балаға түрлі сыйлықтар үлестіріп, науқас балалардың жүздеріне қуаныш сыйлады.
Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы Балалар күнін атап өтті
Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы Балалар күнін атап өтті