Статьи
|
Среди тех, кто занят благородной миссией по спасению человеческих жизней, – Научный центр педиатрии и детской хирургии МЗ РК http://vecher.kz/incity/v-kazakhstane-otmechayut-den-meditsinskogo-rabotnika |
|
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Осыдан 25 жыл бұрын Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы базасында тұңғыш рет 60 төсек-орынға арналған балалар онкологиясы бөлімшесі ашылған еді. https://www.inform.kz/kz/kazakstanda-balalardyn-onkogematologiyalyk-kyzmetine-25-zhyl-toldy_a3300371 |
|
Алматыдағы Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығында Ресей мамандарының қатысуымен "Ретинобластомаға шалдыққан науқастарды жедел емдеу" атты көз іші қатерлі ісігі – ретинобластоманы емдеуге арналған шеберлік-сыныбы өтуде. Шеберлік-сыныбы аясында елімізде тұңғыш рет көз іші қатерлі ісігіне шалдыққан балаларға селективті интраартериалды химиотерапия (СИАХТ) жүргізіліп, орталықта жатқан 4 балаға ота жасалды, деп хабарлайды BNews.kz. |
|
Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығында ҚР Денсаулық сақтау министрлігі, Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы, «Педиатрлар одағы» қоғамдық бірлестігі мен С.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-дың балалар аурулары кафедрасының ұйымдастыруымен «Педиатрия және балалар хирургиясының бүгінгі өзекті мәселелері» атты тақырыпта докторанттар, магистранттар мен резиденттерге арналған ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. |
|
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда тұңғыш рет еліміздің барлық медициналық ЖОО докторанттары мен магистранттары және медициналық мекемелерде резидентурада оқып жатқан 100-ден астам жас педиатр дәрігерлер ғылыми конференцияда бас қосты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. http://lenta.inform.kz/kz/almatyda-zhas-pediatrlar-tugysh-ret-bas-kosty_a3173537 |
|
«Білім-ғылым үйренбекке талап қылушыларға әуелі білмек керек. Екінші – ғылымды үйренгенде, ақиқат мақсатпен білмек үшін үйренбек керек» деген Абайдың 32-қарасөзімен тұңғыш рет ел педиатрларының ғылыми мәжілісі өтті. «Педиатрлар одағы» қоғамдық бірлестігі мен С.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-дың балалар аурулары кафедрасы ұйымдастырған жиын педиатрия және балалар хирургиясының бүгінгі өзекті мәселелері тақырыбына арналды. https://www.egemen.kz/article/166364-zhas-pediatrlardynh-tunhghysh-basqosuy |
|
Әзірге бірден құлан-таза айықтырып жіберетін емі жоқ дерттің бірі қатерлі ісік болып тұр. Дегенмен, ілуде біреу болса да онкологиялық ауруды жеңген адамдар кездесіп жатады. Демек, ағзаны білдірмей бүлдіретін, «бұзылған» жасушалардың әрекеті медициналық ғылымда түпкілікті ашылған жоқ. Бірақ күрес жалғасуда. https://egemen.kz/article/163785-qaterli-isikti-zhenhgen-baldyrghandar |
|
Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы – республикадағы ана мен баланың өміріне араша түсетін мекеме. Сонау 1932 жылы ашылған орталық ғасырға жуық қызметінде қаншама балаға өмір сыйлады, қаншама ата-ананың кеудесіне үміт отын жақты. Біз осы мекемеде талай жыл еңбек еткен, 2014 жылдан бері Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының директоры қызметін атқарып келе жатқан Риза Боранбаеваны әңгімеге тартқан едік. https://turkystan.kz/article/45996-riza-boranbaeva-adamda-senim-bolsa-dertten-ajy-a-alady |
|
Ақерке Асылбек – 6 жаста. Тараз өңірінің тумасы. Бос уақытында би билеп, сурет салғанды ұнатады. Болмысы нәзік, жүзі жылы, көңілі аңғал бола тұра, мінезі қайсар әрі қаталдау. Аты жаман ауруға қарсы тұруға дәл осы қатқылдау мінезі төтеп бергендей. Осыдан үш жыл бұрын ақ қан ауруына шалдыққан еркетай тоғыз ай бойы химиялық ем-дом қабылдап, сол жолдағы түрлі қиындықтарға қарсы тұрып, жаны мен тәні қанша ауырсынса да барлық ауыртпалықты еңсеріп, ақыр соңында бұл дертінен құлан таза айығады. «Мен жеңдім!» дейтін періште қыздың алған асуы расында аса оңай болған жоқ, сондықтан ол шын мәнінде – жеңімпаз! |
|
АСТАНА. ҚазАқпарат - Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығында «Мукополисахаридозға шалдыққан науқастардың менеджменті» атты шеберлік сабағы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат аталған орталықтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. https://www.inform.kz/kz/germaniyalyk-dariger-sirek-aurulardy-emdeu-tazhiribesimen-bolisti_a3132206 |