Мейірбике болу – мейірімді іс / «Nege.kz» ақпараттық-сараптамалық порталы / 12 мамыр, 18:04 / Толығырақ: https://nege.kz/news/el/meiirbike_bolu__meiirimdi_is_20220513181611 / Жыл сайын мамыр айының 12-сі күні Мейіргерлер күні аталып өтеді. Бұл күні көпшілік ақ халатты абзал жандарға құрмет көрсетіп, олардың еселі еңбектеріне алғыс білдіреді.
Алматы, NEGE. Денсаулық сақтау саласында халық денсаулығын жақсарту жолында мейірбикелер еңбегі ұшан-теңіз. Мейіргерлер күні қарсаңында денсаулық сақшысының бірі ретінде балалардың өмірін арашалап, бар өмірін бала денсаулығын нығайтуға арнап келе жатқан Бейбітгүл Шойбекованың орасан еңбегін ерекше атап өткіміз келеді. Бейбітгүл Мұхаметқалиқызы Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығындағы №2 Ересек жастағы балаларға арналған анестезиология, реанимация және қарқынды терапия бөлімінде 28 жылдан астам мейірбике болып қызмет жасап, өзіне жүктелген сенімді абыроймен атқарып келе жатыр.