Мамандыққа деген адалдық / BAQ.KZ ақпараттық порталы/ 20 маусым, 2022 жыл / Балалар жылы және Медицина қызметкерлері күніне орай сұхбат / BAQ.KZ ақпараттық порталы / Пульмонология бөлімінің меңгерушісі Жанұзақова Н.Т. / https://baq.kz/mamandyqqa-degen-adaldyq-281454/ Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Дәрігер мамандығы – өте абыройлы да жауапты іс, өйткені адамның денсаулығы, кейде өмірі дәрігерге байланысты. Осынау жауапкершілігі мол мамандықтың қыр-сыры жайында Алматыдағы Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының Пульмонология бөлімінің меңгерушісі, жоғары санатты дәрігер-пульмонолог Назгүл Жанұзақова айтып берді. Бала кезден дәрігер болуды армандаған маманның жүрекжарды әңгімесін назарларыңызға ұсынамыз.