«Ана тілі» ұлт газеті / 29 Мамыр, 2025 / Сұхбат / Омарова Гүлбану Тұрсынқызы, Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының Орталықтандырылған дәрілік заттарды бөліп тарату бөлімінің Аға мейірбикесі / Мейіргерлер және Медицина қызметкерлері күні аясында сұхбат /
Қазақстанның денсаулық сақтау саласында аянбай еңбек етіп келе жатқан Омарова Гүлбану Тұрсынқызы Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының Орталықтандырылған дәрілік заттарды бөліп тарату бөлімінің аға мейірбикесі болып жұмыс істейді.
Әкесі бірде қолын жаралап алған кезде қызының қалай ұқыпты байлап, жарасын таңғанын көріп: «Сен дәрігер болуға лайықсың, қызым! Қолыңнан келеді», – депті. Әке батасы жүрегіне ізгілік пен жауапкершілік дарытып, өмірін медицина саласына арнауға себеп болған екен.
Гүлбану Алматы облысы Кеген ауданы Ұзынбұлақ орта мектебін тамамдаған соң, республикалық медицина колледжін аяқтап, сол жылы Педиатрия ғылыми орталығына жас маман ретінде қабылданды. Содан бері осында 38 жыл бойы еңбек етіп келеді.
Өмірінің 38 жылдық қажырлы еңбегін балалар саулығына арнаған Омарова Гүлбану Тұрсынқызы – тек кәсіби шеберлігімен ғана емес, үлкен жүрегімен де елге үлгі. Оның еселі еңбегі мен адалдығы, ұқыптылығы мен жанашырлығы қашанда жас мамандарға өнеге болып қала бермек.