There is no translation available.

Ана – бірлік пен тыныштық шырақшысы / 04.03.2022 / «Қазақстан» ұлттық телеарнасы / КЕШКІ ЖАҢАЛЫҚТАР 17.00 / Жазира Оразқызы / Әр науқас баланың сауығып кетуіне үлес қосып жатқан ұлымды мақтан етемін. Қатерлі дертке шалдыққан бүлдіршіндерге 100-ден аса операция жасаған белгілі дәрігер-трансплантолог Ерғали Сарсекбаевтың анасы осылай дейді. Біржан Шәріпова халыққа пайдасы тиер тұлға тәрбиелеудің ата-ана үшін маңызды міндет екенін айтып отыр. / Жолдасымен бірге ғылым қуып, математика саласында еңбек атқарған Біржан Дабайқызы ұлын да ізімізді қуады деп ойлаған. Дегенмен, жастайынан алғыр, білімді Ерғали адам жанына арашашы болар дәрігер мамандығын таңдайды. Отандық медицинада 10 жылға жуық қалтқысыз қызмет атқарып келеді. Қатерлі дертке шалдыққан науқас балаларға 100-ден аса сәтті операция жасаған. / https://qazaqstan.tv/index.php/news/154070/