There is no translation available.

 

 
«Алматы ақшамы» газеті / 15:21, 26 мамыр 2025 / Автор Құралай Иманбекқызы / Сұхбат / Мейіргерлер күні аясында / Толығырақ: https://aqshamnews.kz/.../kishkentai-jurekter-auyrmasyn.html
Ақ халатты абзал жандардың ішінде үнсіз еңбек етіп, өз ісімен ғана көзге түсетін жандар болады. Солардың бірі – Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының Кардиореанимация бөлімінде он үш жылдан бері мейіргер болып қызмет етіп жүрген Жомарт Сабырұлы АХШАЕВ.
Ол тек кәсіби маман ғана емес, жүрегі жұмсақ, сабыры мол, жанын сала жұмыс істейтін нағыз мейірбан жан. Дәрігерлер мен Балаларды қорғау күні мерекесі қарсаңында біз онымен балалардың денсаулығы, ауыр дертпен күрес, ата-ананың рөлі мен мейіргер мамандығының мәні жайлы әңгіме құрдық.