АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда тұңғыш рет еліміздің барлық медициналық ЖОО докторанттары мен магистранттары және медициналық мекемелерде резидентурада оқып жатқан 100-ден астам жас педиатр дәрігерлер ғылыми конференцияда бас қосты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бүгін Алматыдағы Педиатрия және балалар хирургиясы ғылымиорталығында ҚР Денсаулық сақтау министрлігі, Педиатрияжәне балалар хирургиясы ғылыми орталығы, «Педиатрлар Одағы» қоғамдықбірлестігі мен С.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-дың балалар аурулары кафедрасыныңұйымдастыруымен «Педиатрия және балалар хирургиясының бүгінгі өзектімәселелері» атты тақырыпта докторанттар, магистранттар мен резиденттерге арналған ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
«Бүгінгі күні жас педиатрлардыдайындауда білім, ғылым мен тәжірибенің интеграциясы маңызды орын алады. Ғылыммен білімнің интеграциясы заманауи эксперименті базада нақты ғылыми-зерттеулернегізінде жас мамандарды дайындауға мүмкіндік береді», - деді жиында сөз алған Педиатрияорталығының басшысы Риза Боранбаева.
Конференцияның ашылу салтанатында С.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-дың ректоры Талғат Нұрғожин, балалараурулары кафедрасының профессоры Болат Хабижанов алғы сөз сөйлеп, шараныңмаңыздылығын атап өтті.
«Бүгінгі конференция жасдәрігерлер үшін нағыз тәжірибелік маңызы зор шара мен кәсіби өсуде маңыздыпікір-алмасу алаңы болып отыр. Ғылымға алғаш қадам басқан жас ғалымдарға жаңаізденіс тілеймін. Педиатрия саласының болашақ медицинасын дамыту жастарсіздердің қолдарыңызда», - деді Т.Нұрғожин.
Ғылыми конференциядабалалардағы ауруларды емдеу мен диагностикалаудың заманауи әдістері, балаларғамедициналық көмек беруді ұйымдастырудың аспектілері, сирек ауруларды емдеуді жетілдіру, түрліхирургиялық және соматикалық патологиялары бар балаларды оңалту, психологиялықжәне медициналық-әлеуметтік бейімдеу және т.б. осы сынды нәрестелер мен бүлдіршіндерді емдеу мен педиатрия саласына қатысты өзекті мәселелерді талқылап, арнайы баяндамалар жасады. Сонымен қатар, педиатрия тәжірибесінде сирек кездесетін әр түрлі клиникалық жағдайлар ұсынылды.
Сондай-ақ, жас дәрігерлердің ғылыми жұмыстары мен постерлік баяндамалары арнайы көрмеге қойылды.