Миссия

 

Инновациялық технологияларды және медицина ғылымының озық жетістіктерін қолдана отырып Қазақстандағы балалардың денсаулығын сақтау және нығайту, жоғары білікті мамандарды дайындау, балаларға сапалы медициналық қызмет көрсету және өңірлерде педиатриялық қызмет жұмысының іске асуын үйлестіру.

 

Мақсат

Халықаралық стандарттарға сай сапалы және жоғары мамандандырылған медициналық көмекпен қамтамасыз ету жолымен елімізде балалардың денсаулығын қорғау және жақсарту.

Болашаққа болжам

 

Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының Қазақстандағы және халықаралық кеңістіктегі дамыған, бәсекеге қабілетті және ғылыми-практикалық медициналық ұйым ретіндегі орнын нығайту.

 

Басты міндеттері:

  1. Балалар мен нәрестелердің ауру-сырқауын, өлім-жітімін, мүгедек болуын азайту.
  2. Қазақстан республикасында балалар денсаулығын қорғау бойынша медициналық іс-шаралар кешенін, нормативтік-құқықтық актілерін әзірлеуге қатысу.
  3. Диагностикалау мен емдеуде инновациялық технологияларды енгізу және олардың өңірлердегі трансфертін іске асыру.
  4. Бәскелестікке қабілеттілігін арттыру және халықаралық зерттеу кеңістігіне ықпалдастыру мақсатында ғылыми-зерттеу қызметін жетілдіру.
  5. Бастапқы медициналық-санитарлық көмек (БМСК) ұйымдарына консультациялық-әдістемелік және практикалық көмек көрсету.
  6. Қазақстан республикасында балалардың денсаулығын қорғау мәселелеріне қатысты сала және ведомствоаралық өзара қарым-қатынастарды жүзеге асыру.
  7. Дипломнан кейінгі жоғары білікті мамандарды кәсіби даярлау, бастапқы медициналық буын дәрігерлерінің біліктілігін арттыру жұмыстарын ұйымдастыру.
  8. Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының клиникасындағы басқару және менеджмент жүйесін жетілдіру.