Резидентура – ​​клиникалық мамандықтар бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі медициналық білім беру нысаны, оның мақсаты тиісті мамандық бойынша дәрігердің кәсіби біліктілігін алу немесе өзгерту болып табылады.

Резидентураның білім беру бағдарламасын меңгеру ұзақтығы мамандығына және бұрынғы дайындығына байланысты 2 жылдан 4 жылға дейін.

Резидентурада оқыту тек күндізгі нысанда жүзеге асырылады.

«Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы» АҚ 2024-2025 оқу жылына Мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде және ақылы негізде резидентураға медициналық кадрларды даярлауға келесі мамандықтар бойынша конкурстық қабылдау туралы хабарлайды:

7R01130 – «Педиатрия» оқу мерзімі 2 жыл

7R01123 – «Балалар хирургиясы» оқу мерзімі 3 жыл

7R01160 – «Балаларға арналған онкология және гематология» оқу мерзімі 2 жыл 

«Құжаттарды қабылдау 3 шілдеден 25 шілдеге дейін Алматы қаласы, Әл-Фараби даңғылы, 146, ғылым және білім бөлімі мекенжайы бойынша жүргізіледі.»

 

Қабылдау комиссиясының жұмыс үақыты:

дүйсенбі - жұма      09.00 – 17.00 (түскі үзіліс 13.00–14.00)

Біздің мекен-жайымыз: Алматы қаласы, Әл-Фараби даңғылы 146,

Байланыс телефондары +7 (727) 299 13 92, 8 778 216 4667, 8 705 992 5252,  8 701 765 0707

E-mail: naukapediatria.kz@mail.ru

 

 

 

Қажетті құжаттар тізімі:

Резидентураға түсетін адамдар 03-25 шілде аралығында қабылдау комиссиясына мынадай құжаттарды береді:

  1. Белгіленген үлгідегі бланкіде "ПБХҒО" АҚ Басқарма төрағасының атына өтініш;
  2. Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі (салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы);
  3. Денсаулық сақтау бакалавры дәрежесін беру туралы Диплом және дипломға қосымшалар қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде (түпнұсқалары мен көшірмелері);
  4. Интернатураны бітіргені туралы куәліктің түпнұсқасы мен көшірмесі;
  5. Дәрігер біліктілігін беру туралы Диплом және дипломға қосымша қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде (түпнұсқалары мен көшірмелері);
  6. Интернатурадағы қорытынды аттестаттаудың 1-кезеңінің нәтижесі (білім беру ұйымы деканының қолымен және мөрімен расталған " Тәуелсіз емтихан ұлттық орталығы "РҚБ өткізетін тестілеу (егер болса)
  7. 075-у медициналық анықтамасы;
  8. Денсаулық сақтау саласындағы маман сертификатының көшірмесі (бар болса);
  9. Бұрынғы жұмыс орнының кадр қызметімен расталған еңбек кітапшасының көшірмесі (бар болса);
  10. Ғылыми басылымдардың болуын растайтын құжаттар (бар болса).
  11. 3х4 сантиметр көлемдегі алты фотосурет, конвертпен байланыстырғыш (фотосуреттер үшін);
  12. Шарт жасасу және оқу ақысын төлеу туралы ұйымның кепілдік хаты (ақылы негізде талапкерлер үшін)

 

* Барлық құжаттар жеке ұсынылады

* Құжаттардың толық пакеті ұсынылады

* Өтініш берушінің қатысуымен жүргізілетін тексеру үшін құжаттардың көшірмелерімен бірге олардың түпнұсқалары ұсынылады.

Құжаттардың толық емес тізбесін ұсынған кезде қабылдау комиссиясы үміткерлерден құжаттарды қабылдамайды.

Құжаттарды қабылдау, емтихан және оқуға қабылдау шарттары:

Өтінімдерді қабылдау –  03-25 шілде аралығында

Қабылдау емтихандары –  08-16 тамыз аралығында

Тіркелу – 28 тамызға дейін

 

 

Өтініш

НОРМАТИВТІК ҚҰЖАТТАР 

Қабылдау емтихандарының нәтижелері 

Резидентураға қабылдау

Резидентураға түсу емтихандарының кестесі 2024ж.

"Балалар хирургиясы" мамандығы бойынша резидентурасына түсу емтиханының нәтижелері 

"Педиатрия" мамандығы бойынша резидентурасына түсу емтиханының нәтижелері 

"Балалар онкологиясы және гематологиясы" мамандығы бойынша резидентурасына түсу емтиханының нәтижелері  

Рейтинг

 

 

 

 

БІЗДІҢ РЕЗИДЕНТТЕРДІҢ БАСЫЛЫМДАРЫ МЕН БАЯНДАМАЛАРЫ

Балалар хирургиясы мамандығы бойынша резидентураға түсуге арналған емтихан бағдарламасы

Педиатрия мамандығы бойынша резидентураға түсуге арналған емтихан бағдарламасы

Балалар онкологиясы және гематологиясы мамандығы бойынша резидентураға түсуге арналған емтихан бағдарламасы

 

 


РЕЗИДЕНТУРА ТЫҢДАУШЫЛАРЫНЫҢ АР-НАМЫС КОДЕКСІ скачать

ОҚЫТУШЫНЫҢ  АР-НАМЫС КОДЕКСІ скачать

ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҰЖЫМНЫҢ АР-НАМЫС КОДЕКСІ   скачать

РЕЗИДЕНТУРА ТЫҢДАУШЫСЫНЫҢ АНЫҚТАМАЛЫҚ-НҰСҚАУЛЫҒЫ скачать