ПЕДИАТРИЯ ЖӘНЕ БАЛАЛАР ХИРУРГИЯСЫ ҒЫЛЫМИ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ
Педиатрия және бала хирургиясы ғылыми орталығының имиджін көтеру мақсатындағы баспасөз қызметі – қоғаммен байланыс қызметін үйлестіріп, БАҚ саласындағы түрлі жобаларды жүзеге асырады. Сонымен қатар орталықтың ғылыми-зерттеу, инновациялық жетістіктерін, орталық қызметі мен жаңалықтарын насихаттауға бағытталған. Мекеменің қоғаммен және БАҚ-пен байланыс, ақпараттық саясат саласындағы сыртқы және ішкі жұмыстарын ұйымдастырады. Ғылыми орталықтың қоғаммен байланыс саласындағы имидждік саясатын жүзеге асыруға бағытталған перспективалы және ағымдағы бағдарламаларын құру және БАҚ саласындағы түрлі жобаларды іске асыру жөніндегі қызметті үйлестіреді.
Қоғаммен байланыс бөлімі өз қызметінде орталықтың құрылымдар туралы ережелері мен нұсқауларын, ғылыми орталықтың алдағы жылдарға жоспарланған даму стратегиясын, Стратегияны жүзеге асырудағы негізгі іс-шаралар жоспарын, Қазақстан Республикасының заңнамалық және нормативтік актілерін, Педиатрия және бала хирургиясы ғылыми орталығының Жарғыларын басшылыққа алады. Педиатрия және бала хирургиясы ғылыми орталығының баспасөз қызметінің жұмысы бекітілген стратегиялық бағдарламаларға және жыл сайынғы жоспарларға сай жүзеге асырылады.
Баспасөз қызметінің басты мақсаты – орталық жаңалықтары, жетістіктері мен табыстарын насихаттау, БАҚ-та жарияланған сұхбат, ақпар, баспасөз конференциясы, түрлі мақалалар арқылы орталық басшылығының, дәрігерлердің беделін қалыптастыру, орталық порталының контентін жүйелі жаңарту, атқарылған іс-шаралар туралы ақпараттармен толықтыру және БАҚ-та жариялау.
Баспасөз қызметінің негізгі атқаратын міндетері:
- Орталықтың қоғаммен байланыс саласындағы қызметінің жоспарын іске асыру үшін ақпараттарды жинау және талдау;
- Өткізілген іс-шаралардың (ғылыми-тәжірибелік, оқу-әдістемелік, мәдени-көпшілік т.б) ақпараттық материалдарын ықшамдап дайындау, жариялауды ұйымдастыру, БАҚ-тарға ақпарат беріп отыру;
- Орталықта өтетін шараларға БАҚ өкілдерінің қатысуын қамтамасыз ету;
- Баспасөз мәслихаттары мен брифингтерді ұйымдастыру;
- Орталық басшылығының ұйымдармен, қоғамның әр түрлі топтарымен, бұқаралық ақпарат құралдарымен тиімді және тұрақты екі жақты байланысын қамтамасыз ету;
- Орталық қызметі туралы ақпараттық-жарнамалық ақпаратты таратуды қамтамасыз ету;
- Орталықта өтетін мәжіліс, конференция, семинар, ресми кездесулерге шақырылған тілшілердің қатысуына мүмкіндік жасау, олардың техникалық құралдарын (видео, аудио) орналастыруын қамтамасыз ету және сүйемелдеу, жазылған ақпаратты электронды тасуыштарға тасымалдау;
- Орталық ресми сайтының жұмысын ұйымдастыруға атсалысу және «Жаңалықтар» бетін қадағалау;
- Фото, видео-дерекқорларын құруды қамтамасыз етуді жүзеге асыру;
- Ақпараттық насихат жүргізу мақсатында орталықтың түрлі деңгейдегі өтетін конференция, кеңес, семинар, т.б. шараларына қатысу.
- БАҚ біз туралы бетіне материалдарды енгізу;
- Дайджест жасау.
Баспасөз қызметінің байланысы: