Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығында ғылыми-медициналық кітапхана (1934 ж.) жұмыс істейді. Онда 1 абоненттік зал мен 15 орынға арналған оқу залы бар.
Кітапхана профессорлар құрамына, ғылыми қызметкерлерге, дәрігерлерге, резиденттер мен интерндерге, сондай-ақ студенттер мен орталық қызметкерлеріне қызмет көрсетеді.
Кітапхана қорында медициналық түрлі кітаптар, энциклопедиялар, сөздіктер және педиатрия мен хирургия бойынша кітаптар бар. Кітапханада сонымен қатар, диссертациялық кеңесте қорғалған медицина ғылымдарының докторлары мен кандидаттарының диссертациялық еңбектері сақталған.
Кітапхана қоры медициналық кітаптармен қатар, жыл сайын мерзімді басылымдармен, Ресей баспаларынан шыққан медициналық журналдармен толықтырылып отырылады.
Кітапхана интернет желісімен қамтамасыз етілген.