IMG 2107

 

Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы – білікті де тәжірибелі мамандары, қуатты материалдық базасы бар,  жаңа заман талаптарына сай медициналық технологияларды қолданатын жетекші ғылыми-зерттеу және клиникалық мекеменің бірегейі. 

Педиатрия жəне бала хирургиясы ғылыми орталығы емдеу мекемесі ғана емес, білігі мен білімі ұштасқан тәжірбиелі кадрларды әзірлейтін білім беру базасы, сонымен бірге Қазақстан Республикасындағы педиатрия қызметінің басты үйлестірушісі болып табылады. Орталықта педиатрия мен балалар хирургиясы саласындағы дәрігерлердің көп жылғы тәжірибесі мен медицина және ғылым инновациялары үйлесім тапқан.

Орталық 1932 жылы 28 қарашада Ана мен бала денсаулығын қорғау ғылыми зерттеу институты ретінде қаланған. 2022 жылы клиника 90 жылдық мерейтойын атап өтті.

Орталықтың басты мақсаты мен міндеті - инновациялық технологияларды және медицина ғылымының озық жетістіктерін қолдана отырып Қазақстандағы балалардың денсаулығын сақтау және нығайту, балаларға сапалы медициналық қызмет көрсету және өңірлерде педиатриялық қызмет жұмысының іске асуын үйлестіру.

Орталықта 800-ден астам қызметкер аянбай еңбек етуде, оның ішінде – 177 дәрігер, 8 медицина ғылымдарының докторы, 28 медицина ғылымдарының кандидаттары, 2 Phd докторы, 1 биология ғылымдарының кандидаты бар.

Емдеу мекемесі 285 төсек-орынға арналған (оның 5 күндізгі стационарға қарасты). Клиникада жылына 1 жастан бастап 18 жасқа дейінгі Қазақстанның барлық өңірлерінен 6000-нан астам бала тәулік бойы және күндізгі стационар жағдайында мамандандырылған және жоғары деңгейде қажетті медициналық көмек алады.

Орталық озық әлемдік клиникаларда, атап айтқанда Израиль, ОАР, Шотландия, АҚШ, Оңтүстік Корея, Ресей, Германия, Ұлыбритания, Австрия елдерінде түрлі тағылымдамалардан өткен білікті де кәсіби кадрлармен жасақталған.

Орталықта туа біткен даму ақауын, қан ауруларын, қатерлі ісікті, жүрек, несеп-жол, тыныс алу және ас қорыту органдарының ауруларын, тұқым қуалайтын синдромдарды, біріншілікті иммунтапшылығын және басқа да балалар жасындағы күрделі ауруларды әлемдік стандарт бойынша емдейтін хирургия, неонатология, онкология және гематология, урология, пульмонология, жалпы педиатрия, балалар кардиохирургиясы сынды 30-дан аса бөлімдер бар. Сондай-ақ, орталықта әртүрлі салаға арналған 4 жан сақтау бөлімшесі және заманауи жоғары деңгейде жарақтандырылған аферез және трансфузиология бөлімі қамтылған гемопоэздік өзектік жасушалардың сапасын бақылау зертханасы, клиникалық-диагностикалық зертхана бар. 

Орталық емдеу мекемесі ғана емес, ҚазҰМУ-дың көптеген клиникалық кафедралары, дипломнан кейінгі даярлық жəне дəрігерлердің мамандығын жетілдіру курстары үшін клиникалық жəне тәжірбиелі кадрларды дайындау оқу базасы болып табылады. «Педиатрия» және «Балалар хирургиясы» саласы бойынша резиденттерді дайындауды жүзеге асырады. Мекемеде «Педиатрия», «Балалар хирургиясы», «Балалар кардиологиясы», «Балалар ревматологиясы», «Балалар гематологиясы мен онкологиясы», «Балалар гастроэнтерологиясы» саласы бойынша тәжірбиелі мамандар дайындау жұмыстары қолға алынған. Дәрігерлер мен ғылыми қызметкерлердің біліктілігін арттыру мақсатында орталық жылдар бойы қарқынды жұмыс жасап келеді.

Орталық көптеген халықаралық клиникаларымен, орталықтарымен жəне қоғамдарымен ынтымақтастық орнатып, Израиль, АҚШ, Оңтүстік Корея, Ресей, Германия сынды әлемдік жетекші клиникалармен жұмыс жасайды. Атап айтқанда, Италияның Бергамо қаласындағы кардиохирургиялық орталығымен, Германияның (Берлин қ.) Шаритэ университеттік медициналық кешенімен, Мәскеудің Д.Рогачев атындағы балалар гематологиясы, онкологиясы және иммунологиясы ғылыми-зерттеу институтымен, Оңтүстік Кореяның Пуссондағы университеттік клиникасымен, Венгрияның (Будапешт қ.) гемопоэздік өзектік жасушаларды трансплантациялау және балалар гематологиясы орталығымен, Ресейдің А.Н.Бакулев атындағы жүрек-қантамыр хирургиясы ғылыми орталығынмен, Киев қаласының Балалар кардиологиясы мен кардиохирургиясы ғылыми-практикалық орталығымен, әлемнің түркі тілдес елдерінің Ұлттық педиатрия қоғамының Одағы, Санкт-Петербургте орналасқан жаңадан туғандардың жан сақтау жəне хирургия орталығы, Стамбул (Түркия), Новосібір, Томск кардиохирургиясы орталығы және т.б. таяу жəне қиыр шетелдің түрлі клиникаларымен және орталықтарымен ынтымақтастық байланыста.

Орталықта балалар жасындағы қан ауруын, қатерлі ісіктерді, тыныс алу ағзалары мен басқа да ауыр сырқаттарлы емдеудің халықаралық танылған бірыңғай хаттамаларды тәжірибеге енгізу жүзеге асырылуда. Кардиоревматологиялық және гастроэнтерологиялық аурулар кезінде гендік-инженерлік биологиялық дәрі-дәрмектермен емдеу, созылмалы бронх-өкпе патологиялары мен қайталамалы сырқаттары бар балаларды оңалту іс-шаралары атқарылады. Неонатология және хирургия бөлімшесінде дене салмағы төмен және өте аз нәрестелерге күтім жасалады, жаңа туған нәрестелердің қайталанбалы ретинопатиясы хирургиялық жолмен емделеді. Клиникада сүйек кемігінің тарсплантациясы бойынша бірегей оталар жасалады, асқазан-ішек жолдарының, кеуде бөлігінің даму ақаулары кезіндегі күрделі хирургиялық оталар жүргізіледі, балалардың жүрек-қантамыр жүйесінің туа біткен даму ақаулары түзетіледі, интервенциялық кардиохирургия қолданылады, урологиялық және абдоминалды патологиялар кезінде шағынинвазиялық бейнеэндоскопиялық араласу шаралары енгізіледі. Сонымен қатар, орталықтың консультациялық-диагностика бөлімшесінде дәрігерлер көптеген ауру түрлері бойынша кеңес береді және диагностика жүргізеді. ПБХҒО қазіргі заманға сай емдеу және диагностика жабдықтарымен, сапалы клиникалық-диагностикалық зертханамен жабдықталған.

Ұйымның толық заңды атауы: «Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы» акционерлік қоғамы

Қысқаша атауы: «ПБХҒО» АҚ