Бөлімде консультациялық көмек педиатрия, неонатология, нәрестелер хирургиясы, нәрестелер офтальмологиясы, гастроэнтерология, иммунология, кардиология, ревматология, пульмонология, аллергология, неврология, гематология, хирургия, урология, кардиохирургия, тамыр хирургиясы, онкология, эндокринология және клиникалық психология  бойынша көрсетіледі.

Диагностикалық кеңес беру бөлімінде заманауи клиникалық-диагностикалық (қан, несеп талдаулары), цитохимиялық, гистологиялық, биохимиялық, иммунологиялық, микробиологиялық, вирусологиялық зерттеулер, қанды гормондарға зерттеу, дәрілік препараттар деңгейін мониторингілеудің (такролимус, метотрексат, циклоспорин) кең спектрін жүргізу мүмкіндіктері бар. Гемостаздың коагуляциялық және тромбоцитарлық буындарының скринингінен өтуге, ұю факторларын және арнайы тежегіштерді VIII, IX, XI факторларға анықтауға болады.

Диагностикалық бөлім базасында қажетті аспаптық зерттеулерден өтуге болады. Орталықта ультрадыбыстық диагностиканың барлық түрлері бар: іш қуысын, бүйрек және қуық, қалқанша без, лимфа тамырларын, кіші жамбас ағзаларын, ұманы УДЗ, эхокардиография (ЭхоКГ), нейросонография (НСГ), КТ, МРТ, ангиография, рентген-зерттеулер, ФГДС. Функционалдық зерттеу әдістері: ЭКГ, ЭЭГ, сыртқы тыныс алу қызметін анықтау (спирография), ЭКГ тәуліктік мониторг жүргізу (холтер ЭКГ), нейромиография.

WhatsApp Image 2022 12 08 at 11.05.55

Назарова Альфия Зунуновна – бөлім меңгерушісі, балалар диетологы,  гастроэнтеролог, медицина ғылымдарының кандидаты, жоғары санатты дәрігер.

Жалпы еңбек өтілі: 20 жыл

Оқу орны: 1995 – 2002 жж. СММА, педиатрия факультеті.

ПБХҒО-да жұмыс мерзімі: 20 жыл.

 

Kaliakperova

Калиакперова Салтанат Нурсатовна – Диагностикалық кеңес беру бөлімінің аға мейірбикесі.

Жалпы еңбек өтілі: 38 жыл

Оқу орны: 1983-1985 жж. Республикалық  медициналық  училищесі.

ПБХҒО-да жұмыс мерзімі: 38 жыл.

Біліктілік арттыру: «Тұран Мед» оқу-білім беру орталығы А.Н.Сызғанов атындағы ҰҒХО-мен бірге.

Марапаттары: Денсаулық сақтау үздігі.

 

 

 

Диагностикалық кеңес беру бөлімінің жұмыс тәртібі:

  1. Диагностикалық кеңес беру бөлімінің жұмыс уақыты күн сайын сағат 08.30-дан – 17.00-ге дейін. Сенбі, жексенбі және мереке күндері демалыс.
  2. Диагностикалық кеңес беру бөлімінде барлық қызмет түрлері ақылы негізде көрсетіледі. Мүмкіндігі шектеулі балаларға тексерілудің барлық түрлеріне 30 пайыздық жеңілдік беріледі. Пациент 10 күнтізбелік күн ішінде маманның кеңесіне қайта жүгінетін болса, қызмет көрсету құнының 10%-ы көлемінде жеңілдік ұсынылады.
  3. Ақылы медициналық қызмет көрсету бекітілген ақылы қызмет көрсету прейскурантына сәйкес, бөлімдегі тіркеу бөлімі арқылы қабылдауға және тексерілуге алдын ала жазылу бойынша іске асырылады.
  4. Қабылдауға және тексерілуге алдын ала жазылмай, бөлімшедегі тіркелу бөліміне келген пациентті, дәрігер сол күні тіркеу жазбасында бос уақыт болған жағдайда ғана қабылдауы мүмкін. Тіркеу жазбасында дәрігердің бос уақыты болмаған жағдайда, бөлім қызметкері пациентті қабылдауды басқа күнге тағайындауға құқылы.
  5. Клиникалық-диагностикалық бөлімге келген кезде сырт киімдерді, ірі көлемді заттарды (жолсөмке, шабадан) гардеробқа қалдыру керек.
  6. Бөлімге келген кезде бағалы заттарыңызды қараусыз қалдырмауларыңызды ескертеміз. Құнды және бағалы заттарыңыздың сақталуына клиника материалдық жауапкершілік алмайды.
  7. Кеңес беруші дәрігердің қабылдау сағаттарында пациенттердің саны көп болуы мүмкін, сондықтан күту уақыты ұзарып кету жағдайы болса, алдын ала кешірім сұраймыз. Себебі дәрігер клиниканың бөлімдерінде жатқан науқас балаларға көмек көрсетіп жатуы мүмкін. Сіздерден сабыр сақтап, күте тұруларыңызды өтінеміз.
  8. Балада дене қызуы, қан кету, ентікпе және аурудың басқа да күрделі белгілері болса, бірден бөлімдегі медицина қызметкерлеріне хабарлауыңызды сұраймыз. Ол балаға дер кезінде көмек көрсетуге және науқастың жағдайын бағалай отыра, кезектен тыс жедел медициналық көмек көрсетуге мүмкіндік береді.
  9. Үш айға дейінгі нәрестелер кезектен тыс қабылданады.
  10. Бөлімде сәбиді тамақтандырып және олардың ойнауы үшін, бір жасқа дейінгі балаларға арналған күту бөлмесі бар.
  11. Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексінің 145-бабының 1 және 2-тармақшасына сәйкес клиникада пациенттерді және қызметкерлерді олардың келісімінсіз фото және бейнетүсірілім жасауға тыйым салынған.
  12. Пациенттерге, олардың ата-аналары мен балаларды ертіп жүрген тұлғаларға тыйым салынады:

- қатты сөйлеуге, шулауға, есікті тарсылдатуға;

- кішкентай балаларды қараусыз қалдыруға;

- мүлікті бүлдіріп, сындыруға;

- кір жөргектерді, жеке гигиеналық заттарды және бала күтіміне арналған басқа да қолданылған заттарды еденге тастауға, жөргектеу үстеліне, кушеткаға тастап кетуге рұқсат етілмейді. Олар бірден қоқыс тастайтын арнайы ыдыстарға салынуы керек.

  1. Балада айналасындағыларға қауіп төндіретін жұқпалы аурудың белгілері болса, Сізден кеңес беру бөліміне келмей, дәрігерді үйге шақыруыңызды немесе жедел жәрдем көмегіне жүгінуіңізді сұраймыз.

Бөлімнің байланыс телефоны: 8 (727) 299 26 87

                                                         8(727) 299 06 88

                                       +7 777 129-38-28

 

 

АҚЫЛЫ ҚЫЗМЕТТЕР

ДӘРІГЕРЛЕРДІҢ ҚАБЫЛДАУ КЕСТЕСІ