18 ақпан, 2021 жыл
Педиатрия орталығында тағы бір ерекше орган сақтайтын ота жасалды
Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығында 16 жастағы жасөспірімге тізе буынын эндопротездеу бойынша тағы бір ерекше орган сақтайтын ота жасалды, диагнозы: оң жақ сан сүйегінің остеосаркомасы.
Бұған дейін балаға қарқынды жоғары дозалы химиотерапия жүргізілген, соның арқасында ісік процесінің ішінара регрессиясына қол жеткізілді, бұл аяқ-қол функциясын сақтай отырып, отаны сәтті жүргізуге мүмкіндік берді.
Ота жасау кезінде оң жақ сан сүйегінің ісігі 23 см. көлемінде барынша алынып тасталды және тізе буынына эндопротез жасалды.
Ота жасалғаннан 2 апта өтті. Қазіргі таңда баланың жағдайы жақсы, асқынулар байқалмады, қазір ерте оңалту шаралары басталды. Кейінірек отадан кейінгі химиотерапия курстары жүргізіледі.
‼️ Бұрын мұндай ісіктермен аяқ-қолды ампутациялауға тура келетін, қазіргі уақытта мұндай радикалды реконструктивті ота жасау баланың аяғын сақтауға мүмкіндік береді, бұл болашақта өмір сүру сапасын төмендетпейді.
Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығында осындай 55 ота жасалды.
Операцияның арқасында балалардың қозғалу, белсенді өмір салтын ұстану, отбасын құру, бала туу және өз елінің толыққанды азаматы болып өмір сүру мүмкіндігі пайда болды.
? Остеосаркома - сирек кездесетін қатерлі сүйек ісігі.
? Балалардың барлық қатерлі ісіктерінің 4-5% құрайды.
? 80% жағдайда тізе буынының сүйектері зардап шегеді (сан сүйегі – 50%, үлкен жіліншік – 30%, тоқпан жілік – 10%).
? Жыл сайын Қазақстанда остеосаркомасы бар 20-ға жуық бала анықталады.
‼️Өкінішке орай, 10%-да балалар остеосаркоманың асқынған жағдайларымен түседі, соның нәтижесінде баланың өмірін сақтау мақсатында аяқ-қолды ампутациялау бойынша жарымжан ететін ота жасауға тура келеді.
‼️Есіңізде болсын! Обыр емделеді, егер ерте анықталса!
#Сүйектіңқатерліісігі
#онкология
#НЦпедиатрии
#операция
#Педиатрияорталығы