Педиатрия орталығының хирургтары өңеші күйген кішкентай қызға
күрделі операция жасады
Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының хирургтары, тұрмыстық тазартқышты ішу салдарынан дамыған өңештің тыртықтануына байланысты, үш жастағы қызға өңешті тоқ ішігімен алмастыру бойынша күрделі операция жасады.
Өңештің күйіп қалуы – бұл химиялық немесе термиялық факторлардың әсерінен туындаған балалардағы өңештің зақымдануы. Өкінішке орай, балалардағы өңештің химиялық күйіктерінің негізгі себебі ата-аналардың қауіпті тұрмыстық химиялық заттарды дұрыс сақтамауы болып отыр.
Өңештің химиялық күйік алу салдарынан кейін 70-80% оның тыртықты тарылуы пайда болады. Өңештің тыртықты тарылуы бар барлық балаларға алғашқы кезде гастростома салынып, жіппен өңешті арнайы буж арқылы ұзақ уақыт сүмбілейді. Бірақ, 20-30% жағдайында сүмбілеу әдісі өңештің бойын толығымен тыртықтануына әкелуіне байланысты қолдануға келмейді. Соның салдарынан, бұл көбінесе баланың мүгедектігіне, кейде өлімге әкеледі.
Жыл сайын Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығына республиканың әр өңірінен осындай патологиямен 100-ден астам бала келіп түседі.
Жақында Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығына Қызылорда облысынан өңештің күйіктен кейінгі тыртықты тарылуы диагнозымен 3 жастағы қыз бала шұғыл түрде түсті («Таза қазан» тазартқыш сұйықтығын байқаусызда ішіп қойған). Күйіктің салдарынан балада өңеш саңылауының толығымен тыртықтануына байланысты алғашқы кезеңінде толық тамақтануы іштің алдыңғы қабырғасына шығарылған асқазандағы арнайы түтік арқылы жүргізілген. Осыған байланысты біздің клиникада бірегейлігі өңешті толығымен тоқ ішекпен алмастыру отасы жасалды.
Бұл күрделі операцияның бірегейлігі – ас өтпейтін өңешті тоқ ішек алмастырды. Операция 6 сағатқа созылды, онда тоқ ішектің бір бөлігін кеуде қуысы арқылы жүргізіліп, мойындағы өңештің жұтқыншақ бөлігімен жалғастырылды. Мұндай операциялар зергерлік дәлдік пен үлкен кәсіпқойлықты және мол тәжірбиелікті қажет етеді, сондықтан үш хирург баламен бірден жұмыс істеді. Операцияны білікті хирургтар: хирургия бөлімінің меңгерушісі - Қалабаева Мөлдір Махсұтханқызы, Афлатонов Нұржан Бақытбекұлы және Шыланбаев Нышанбек Ратбекұлы сәтті жасады.
Енді өңештің қызметін тоқ ішектің бір бөлігі жүзеге асырады, ал бала ауыз арқылы өздігінен тамақтана алады.
Бүгінгі күні баланың жағдайы жақсарды, қазіргі таңда Мадина есімді кішкентай пациентіміз жоспарлы бақылауға түсіп, өздігінен тамақтануда.
Айта кетейік, жылына орта есеппен осындай 6-7 операция түрлі әдістерді қолдана отырып жасалады.
Жалпы, жыл сайын Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығына еліміздің әр өңірінен балалардың ас қорыту ағзаларының туа біткен ақаулары мен жүре пайда болған ауруларына 400-ден астам күрделі операциялар жасалады.
Соңғы кездері өңештің бітелу себептері химиялық заттардың дұрыс сақталмауынан болуда, соның салдары балалар өңешінің қатты күйіп қалуына әкелуде. Сондықтан педиатрлар барлық ата-аналарды химиялық заттарды, қазан тазартқыш сұйықтықтарды балалардың қолы жетпейтін жерде сақтауға шақырады!
«Педиатрия және балалар
хирургиясы ғылыми орталығы»
баспасөз қызметі
8 (727) 269 69 52