31 мамыр күні Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығында Халықаралық балаларды қорғау күніне орай, қатерлі дертке және сирек кездесетін ауруларға шалдыққан балалар үшін мерекелік шара өтеді.

Шараның мақсаты – онкологиялық ауруларға шалдыққан балаларға мереке, қуаныш сыйлау.

Биылғы мерекелік шара ауқымды түрде өтпек. Бағдарламада:

-       Қонақтардың қатысуымен мерекелік концерт;

-       Педиатрия орталығының тәрбиешілері мен психологтарының көмегімен балалардың сурет және қолөнер бұйымдарының көрмесі ұйымдастырылады;

-       Жыл сайынғы асфальтқа сурет салу байқауы, кескіндеме бойынша  шеберлік сыныбы өтеді;

-       Аурухана клоуны Кроха жарыстар мен түрлі ойындар өткізеді;

-       Ішкі істер министрлігі Академиясының курсанттары мен оқытушылары флешмоб көрсетіп, өнерлерін паш етеді;

-       «Киндер» хореографиялық ансамблінің би шоуы;

-       Бес топтан құралған аниматорлар балалардың көңілін көтеретін болады.

Мерекелік шара соңында барлық балаларға сыйлықтар таратылады.

Биыл балалар үшін мереке Қазақстан қор биржасы, «Амила»,  «Халық» қайырымдылық қорлары, ҚР        Ішкі істер министрлігі  Академиясы, «Melisa Brand» - тігін студиясы (Әзиза Нұрбақытқызы), «Baglan Abdraim» шығармашылық бірлестігі, «Абадан» тобы, «Мәр мәр» шығармашылық мектебі, «Саса Сола» және т.б. компаниялардың демеушілігінің арқасында өтеді.

Өтетін күні: 31 мамыр, 2024ж.

Басталуы: сағат 10:30-да.

Өтетін орны: Алматы қ., Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы, Әл-Фараби даңғылы, 146.

 

«Педиатрия және балалар

хирургиясы ғылыми орталығы»

баспасөз қызметі

8(727) 269 69 52

 8707 815 18 33 Нәзира Жұмағұлова