5 маусым күні Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығында озық қондырғылармен жабдықталған «Smart School» оқу сыныбының тұсаукесер рәсімі өтеді.
Инновациялық оқу бөлмесі онкологиялық дертке шалдыққан балаларға арналған. Орталықта бүгінгі күні 100-ден астам бала ем алуда. Емделу ұзақ уақытты талап ететіндіктен, мұнда балалар жылдап жатады. Соған қарамастан балалар өз замандастарынан қалып қоймауы үшін білім алуы қажет. Енді, инновациялық сыныпта орталықта ем алып жатқан балалар емін үзбей, білімдерін одан әрі жетілдіріп, бос уақыттарын тиімді өткізе алатын болады.
Заманауи құралдармен жабдықталған оқу сыныбында балалар математика, тарих, ағылшын тілі және т.б. жалпы пәндермен бірге шахмат, конструктор құрау, сурет салу сынды шығармашылық жұмыстармен де айналыса алады. Сондай-ақ, бұл сыныпта музыка мен ертегілердің көмегімен терапия сеанстары өткізіледі. Орталыққа келіп дәріс беретін мұғалімдер, сабақтарды тиімді және қызықты етіп онлайн режімде де жүргізе алады. Сынып үлкен интерактивті тақтамен, экологиялық таза жиһаздармен қамтамасыз етілген. Сынып іші заман талабына сай әрленіп, безендірілген. Енді, орталықта емделуші балалар сабақтарды жаңа форматта оқитын болады. Оқу үрдісі жаңа әзірлемелердің арқасында нәтижелі әрі қызықты бола түседі деп сенеміз.
Озық қондырғылармен жабдықталған «Ақылды сыныпты» Samsung Electronics Central Eurasia компаниясы Халықаралық Балалар күніне орай тарту етпек. Айта кетейік, қайырымдылық жоба «Help Today» қоғамдық ұйымының жетекшілігімен іске асқалы отыр.
Өтетін күні: 5 маусым, 2018 жыл;
Басталу уақыты: 10.00-де;
Өтетін орны: Алматы қ-сы, Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы, әл-Фараби көшесі 146, №2 ғимарат, онкология бөлімі.
«Педиатрия және балалар
хирургиясы ғылыми орталығы»
баспасөз қызметі
8(727) 269 69 52
8707 815 18 33 Нәзира Елеухан