«Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы» АҚ базасында 2019 жылдың 16-18 қыркүйегі аралығында өңірлердің Денсаулық сақтау басқармасы басшыларының орынбасарлары мен МСАК медициналық ұйымдарының бас дәрігерлеріне арналған «Жүкті әйелдер мен ерте жастағы балаларға патронаждық келудің әмбебап-прогрессивті моделі» тақырыбында бағдарлық тренинг өтті.
Тренинг өткізу үшін БҰҰ ЮНИСЕФ Балалар қорының ұлттық жаттықтырушысы, «Қазақ медициналық үздіксіз білім беру университеті» АҚ балалар аурулары кафедрасының доценті Ким Наталья Георгиевна шақырылды.
Семинарда мамандарға жүкті және ерте жастағы балалардың денсаулық жағдайын жақсарту, психоәлеуметтік қызмет ету және өмір сүру жағдайын жақсарту мақсатында әріптестікті орнату және ҚР-да балаларды дамыту және қорғау мақсатында отбасыларға қолдау көрсету арқылы патронаждық келулердің әмбебап-прогрессивті моделіне көшу бойынша менеджмент негіздері оқытылды. Өңірлік мамандар тұрғындармен жұмыс істеу тәжірибесінен мысалдар келтірді. Тренинг тыңдаушыларына жүкті әйелдер мен ерте жастағы балалары бар отбасылармен жұмыс істеу кезінде практикалық дағдыларды (кеңес беру, депрессияны анықтау, коммуникативтік дағдылар, балаларды дамыту, бауыр басуды нығайту және т.б.) қолдану мүмкіндігі ұсынылды.
Сонымен қатар, Алматы қаласы ДСБ «Қалалық емхана №29» ШЖҚ МКК базасында жүкті әйелдерге кеңес беру және ерте жастағы балалары бар 12 отбасына бару бойынша практикалық сабақ өткізілді. Патронаждық келулердің қорытындыларын тренингке қатысушылар патронаждық қызметтердің прогрессивті пакеті бойынша іс-шаралар жоспарын әзірлей отырып талқылады.
Бүкіл еліміз бойынша жүкті әйелдер мен ерте жастағы балаларға патронаждық келудің әмбебап-прогрессивті моделін енгізу басқарылатын себептерден болатын нәрестелердің өлім-жітімін төмендетуге, тек қана емшекпен тамақтанатын балалардың санын ұлғайтуға, иммунизациямен қамтуды ұлғайтуға мүмкіндік береді және ең бастысы – әрбір жүктілік күтілетін, әрбір туу мерекеленіп, балалар өсіп және өз әлеуетін толық іске асыратын елде өмір сүру!