Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығында «ДДСҰ-ның ұсынымдары бойынша Қазақстан Республикасына бейімделген балаларға стационарлық көмек көрсету» тақырыбында семинар-тренингі өтті.

Мамандардың біліктіліктерін арттыру, Қалта анықтамалығына енгізілген толықтырулармен таныстыру, сондай-ақ ерте жастағы балаларға шұғыл көмек көрсету бойынша практикалық дағдыларды пысықтауға арналған оқыту семинарын Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының халықаралық сарапшылары, БЖАЫҚ бойынша ұлттық жаттықтырушылар Б.Н.Бабаева, З.М.Оспанова жүргізді.

Бір апта бойы өткен семинарға Денсаулық сақтау басқармалары басшыларының орынбасарлары, БЖАЫҚ облыстық үйлестірушілері және педиатриялық бейіндегі 50-ден аса мамандар қатысты.

Айта кетейік, Өңірлік Балалар жасындағы ауруларды ықпалдастыра қарау Орталықтарына (әрі қарай – БЖАЫҚ) үйлестіру және әдістемелік көмек көрсету мақсатында, сондай-ақ педиатриялық бейіндегі мамандарды ерте жастағы балаларға білікті медициналық көмек көрсету үшін оқыту мақсатында клиникада БЖАЫҚ және емшекпен емізуді қолдау республикалық орталығы ашылған еді. Аталмыш шара аймақтағы мамандардың біліктілігін арттыру шеңберіндегі алғашқы үлкен іс-шара.

Іс-шараның мақсаты – ерте жастағы балаларға шұғыл көмек көрсету бойынша практикалық дағдыларды пысықтап, стационарлық емделуде жүрген балаларға, әсіресе 5 жасқа дейінгі балаларға медициналық қызмет көрсету сапасын жақсарту.

Семинар барысында оқыту-дәрісімен қатар, Қазақстан Республикасында БЖАЫҚ бағдарламасын одан әрі тұрақты енгізу мәселелері қаралып, 2019 жылы елімізде енгізілген «Стационардағы балалар, Қазақстан» мобильдік қосымшасы таныстырылды. Қатысушылар тренинг шеңберінде мобильді қосымшамен танысып, онымен жұмыс істеуді үйренді. Мамандар сондай-ақ, «Балаларға стационарлық көмек көрсету» қалта анықтамалығының жаңартылған нұсқасымен танысты.

«Балаларға стационарлық көмек көрсету» қалта анықтамалығы кітапшасы– Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Балалар мен жасөспірімдердің денсаулық және даму бөлімімен үйлестірілген халықаралық күш-жігердің нәтижесі. Бұл қалта анықтамасы дәрігерлерге, жоғары буын орта медициналық қызметкерлерге және стационарларда ерте жастағы балаларға көмек көрсетуге жауап беретін басқа да білікті медициналық қызметкерлерге арналған. Ол нақты клиникалық бөлімдер бойынша сарапшылар орындаған жарияланған нақты деректерді шолуға негізделген клиникалық ұсынымдарды қамтиды. Анықтамада балалар өлімінің негізгі себептерін құрайтын, пневмония, диарея, тамақтанудың ауыр бұзылуы, безгек, менингит, қызылша, АИТВ-инфекциясы және оларға ілеспе

жағдайлар сияқты аурулар жағдайларын стационарлық жүргізу мәселелеріне ерекше көңіл бөлінген.

2016 жылдан бастап шок, құрысулар сияқты шұғыл жағдайларда стационарда ерте жастағы балаларға медициналық көмек көрсету бойынша жаңа қосымша ғылыми дәлелдер, сондай-ақ оттегі терапиясын жүргізу тактикасы пайда болды. Құрамына Қазақстан Республикасының Ұлттық үйлестірушілері және ДДСҰ мен ЮНИСЕФ халықаралық сарапшылары кірген жұмыс тобымен инновациялық толықтырулар бейімделіп, «Балаларға стационарлық көмек көрсету» ДДСҰ/Қазақстан қалта анықтамалығына енгізілді.

ДДСҰ мобильдік қосымшасы туралы: ДДСҰ-ның «Стационардағы балалар, Қазақстан» мобильдік қосымшасы дәрігерлерге дәрілік заттардың дозасын есептеуді және қолдау іс-шаралары бойынша ұсыныстарды қоса алғанда, стационар жағдайында кең таралған балалар ауруларын емдеу бойынша халықаралық ұсынымдарға егжей-тегжейлі қарауға мүмкіндік береді. Қосымша кез-келген ұялы телефонға немесе планшетке тегін жүктеу үшін қолжетімді.

- «Амбулаториялық деңгейде де, стационарлық деңгейде де «БЖАЫҚ бойынша 0 және 5 жасқа дейінгі дені сау және науқас балаларды қарау 29.12.2017 жылғы № 1027 бұйрықта «Қазақстан Республикасында педиатриялық көмекті ұйымдастыру стандартында» көрсетілген. 2019 жылы біз ҚР ДСМ-нің өтініші бойынша ДДСҰ Еуропалық бюросы әзірлеген, әлі тәжірибелік денсаулық сақтауда енгізілмеген «Стационардағы балалар, Қазақстан» мобильді қосымшасын алдық. Бұл мобильді қосымшаны балалар стационарларында жұмыс істейтін ҚР-ның барлық медицина қызметкерлері пайдалана алады. Біз 2013 жылдан бастап «ДДСҰ/Қазақстан қалта анықтамалығын» пайдаланып келеміз. Бүгінгі күні осы нұсқаулық енгізілген елдерде бейімделу үшін ұсынылған «ДДСҰ-ның қалта анықтамалығына» арналған 2016 жылғы жаңа қосымша ғылыми дәлелдер бар. Осылайша, «ҚР-да 5 жасқа дейінгі науқас балаларды стационарлық қарау бойынша соңғы жаңартуларды бейімдеу және стационарлардың медициналық қызметкерлерін мобильді қосымшамен таныстыру үшін осы іс-шараларды өткізу керек деп шешілді», - деді «ДДСҰ қалта анықтамалығы» бойынша ДДСҰ-ның халықаралық сарапшысы, БЖАЫҚ бойынша ұлттық жаттықтырушы Баян Бабаева.

ПБХҒО баспасөз қызметі