3 желтоқсан күні Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай салтанатты жиын өтті.
Салтанатты жиынды Басқарма төрағасының стратегиялық және қаржылық-экономикалық мәселелер жөніндегі орынбасары Жанар Сауранбаева құттықтау сөзімен ашып, Тұңғыш Президенттің еліміз үшін сіңірген еңбегін атап өтті.
Жиында «Nur Otan» БПҰ-ның хатшысы Мақсат Шілдебаев Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Тәуелсіздік жылдарындағы барлық жетістіктері мен «Nur Otan» партиясының 20 жылдық даму кезеңіндегі жетістіктері туралы арнайы баяндама жасап, барша қауымды мерекемен құттықтады.
Жиын барысында «Nur Otan» партиясының мүшесі, жас дәрігер Бегайдар Елібай еліне, Отанына, Елбасына деген ыстық ықыласын өзінің төл туындыларымен жеткізіп, жырдан шашу шашты.