Төтенше жағдай режимі Қазақстан Республикасының барлық аумағында бүгіннен бастап, яғни 2020 жылғы 16 наурыздың таңғы сағат 08.00-ден - 2020 жылғы 15 сәуірдегі 07 сағат 00 минут кезеңіне дейін (30 тәулікке) созылады.
Төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығында емделіп жатқан балалар мен ата-аналардың өмірі мен денсаулығын қорғау мақсатында бірқатар шаралар қолға алынып, жұмыс тәртібінде уақытша шектеулер қойылғандығын хабарлаймыз.
Пациенттерге келушілер назарына!
Пациенттерге қажетті заттарды қабылдау күніне бір-ақ рет жүргізіледі. Кешкі сағат 18.00 - 20.00-ге дейін әкеп бере аласыздар (заттар тек кіре берістегі өткізу пункте қабылданады);
Кіруге, жүздесуге уақытша тыйым салынады! (Тек заттарды ғана беріп жібере аласыздар)
Емдеуші дәрігермен сөйлесу тек телефон арқылы жүзеге асырылатын болады (бөлімдердің ішкі және қалалық телефон нөмірлері орталыққа кіре берісте ілінеді).
Орталық аумағына көліктің барлық түрлерімен кіруге шектеу қойылады.
Клиникада ем алып жатқан балалар мен ата-аналар назарына!
Орталық аумағынан сыртқа шығуға қатаң түрде тыйым салынады!
Балалармен серуендеу сағат 16.30 — 18.00-ге дейін рұқсат беріледі (әр бөлімнің белгіленген орындарында);
Келушілермен, туған-туыстармен кездесуге уақытша тыйым салынады!
Орталық қызметкерлері назарына:
Орталықтың барлық қызметкерлері мен дәрігерлері күн сайын таңертең арнайы тепловизорлық тексеруден өтетін болады. Кіру тек қызметтік куәлік арқылы!
Оқырмандар назарына:
Госпитализация бойынша:
Орталыққа портал арқылы емдеуге жатқызу қаланың карантинге жабылуына байланысты уақытша тоқтатылды. Тек Алматы қаласы бойынша порталға тұрғандар келіп жата алады.
Ақылы бөлім бойынша:
АЛМАТЫ қаласының 19 наурыздан бастап КАРАНТИН жариялануына байланысты Педиатрия орталығының Ақылы диагностикалық кеңес беру бөлімі мен Күндізгі стационар қызмет көрсетуін тоқтатады.
Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ел халқына жолдаған Үндеуінде атап өткендей,: «Осы шаралардың барлығы – азаматтардың денсаулығы үшін жасалып отырған өте маңызды қадамдар. Мұны дұрыс түсінесіздер деп ойлаймын. Сақтанғанды Құдай сақтайды. Бұл – уақытша дүрбелең. Енгізілген шектеулерге әр азамат жауапкершілікпен қарауы тиіс. Әр адам барынша сақтанып, вирустың таралмауына атсалысуы қажет. Еліміздің барлық азаматтары өкілетті органдардың қызметіне қолғабыс көрсетеді деп сенемін. Осындай кезде бәріміз сабыр сақтап, тәртіпке бағынуымыз керек. Бәріміздің азаматтық жауапкершілігіміз осындай сәтте сыналады».
Әкімшілік