Атаулы мереке мейірбике ісінің негізін қалаушы, дүние жүзі бойынша тұңғыш қайырымдылық қызметін ашқан ұлыбританиялық Флоренс Найтингейлдің құрметіне белгіленген. 1971 жылы Дүниежүзілік Медбикелер Кеңесінің ұйғарымымен бастау алып, содан бері аталып келеді.
Денсаулық сақтау саласында мейіргерлер медицина қызметкерлерінің ең үлкен санатын құрайды. Бүгінгі күні Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығында 300-ге жуық орта буын медицина қызметкерлері еңбек етуде.
Халық денсаулығын жақсарту жолында мейіргерлер еңбегі ұшан теңіз. Өйткені, мейіргер - білімі мен кәсіби шеберлігі ұштасқан, білікті, күтім үрдісіне жауаппен қарайтын, мейірімділік көрсете білетін ерекше мамандық иесі.

Бар мейірімі мен жан жылуын сыйлап, науқас жандардың тез жазылуына ықпал етіп жүрген барша МЕЙІРГЕРЛЕРДІ кәсіби мерекелерімен шын жүректен құттықтаймыз! Ерен еңбектеріңіздің жемісін көріп, ұлт саулығы жолында аянбай етіп етіп, алғысқа бөлене беріңіздер! P. S. Сонымен қатар жеті аталым бойынша жеңімпаз атанған ҮЗДІК мейірбикелерді құттықтаймыз! Жылдағы дәстүр бойынша төл мерекелері қарсаңында өз ісімен, білігімен ерекшеленген үздік мейірбикелер анықталады.