Біздің дәрігерлер, медицина ғалымдары жыл сайын өздерінің ұтымды идеяларын практикамен ұштастыруда. Осындай жаңашыл дәрігердің бірі — Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының жалпы хирургия бөлімінің меңгерушісі, м.ғ.д. Ақпаров Нұрлан Нұркенұлы. Ол балалардағы ауруларды диагностикалау мен хирургиялық емдеудің түбегейлі жаңа, маңызды және тиімді әдістерін белсенді дамытып, медицина саласына енгізуде.

          Осы 2020 жылдың 28 сәуірінде Еуропалық жаратылыстану ғылымдары академиясы президиумының шешімімен Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының балалар хирургі Ахпаров Нұрлан Нұркенұлы ғылымға қосқан үлесі үшін Еуропалық ғылым академиясының академигі атағына ие болды. Оған үш жыл ішінде Қазақстан республикасында ЕЖҒА биомедицина филиалын құру тапсырылды.

          Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының басшылығы мен ұжымы хирургия бөлімінің меңгерушісі Ахпаров Нұрлан Нұркенұлын академик атануымен құттықтайды! Сізге мықты денсаулық, мол бақыт, еңбегіңізге табыс, зор құрмет пен абырой тілейміз!

          Дәрігер медицина саласында 40 жылдан астам уақыт қызмет етіп келеді. Оның 27 жылын бала саулығына арнап, Педиатрия орталығында қызмет жасап жасап келеді. Хирург осы жылдар ішінде 10 000-нан астам операция жасап, қаншама мың баланың өмірін аман алып қалған. Ол отаның 21 түрін Қазақстан республикасында алғаш рет енгізген. Медицина ғылымдарының докторы Нұрлан Нұркенұлы 21 өнертабыс пен алдын ала берілетін патенттердің, 3 рационализаторлық ұсыныстың, 3 монографияның және 300-ден астам ғылыми еңбектің авторы.

          Нұрлан Нұркенұлының жетекшілігімен бір докторлық және екі кандидаттық диссертация қорғалды. Ол әртүрлі ғылыми форумдардың (Ресей, Германия, Түркия, АҚШ, Италия, Франция) қатысушысы.

          2007 жылдан бастап АҚШ-тың Medical Center, Cincinnati Children’s Hospital медициналық орталықтарының Құрметті профессоры. 2007 жылдан - Еуропалық жаратылыстану академиясының мүшесі.

          2016 жылы ол ғылымға қосқан үлесі үшін Роберт Коха медалімен, 2017 жылы ІІІ Александр орденімен марапатталған.        Нұрлан Нұркенұлы 2008 жылы медицина мен ғылымға сіңірген еңбегі үшін Қазақстан меценаттар клубының «Ильхам» республикалық сыйлығының лауреаты атанса, 2009 жылы мінсіз еңбегі мен өз қызметіне адалдығы үшін «Халық батыры» сыйлығының лауреаты атанды. Білікті хирургтың еңбегі елімізде де бағаланып, «Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ісінің үздігі» (2005), «Үздік қызметкер», «Үздік ғалым» және т.б. төс белгілерімен марапатталған.

Ол көптеген ғылыми журналдардың редакциялық алқасының мүшесі:

- Қазақстандағы педиатрия және балалар хирургиясы;

- Тәжікстан денсаулық сақтау журналы;

- 2018 жылдан бастап - American Journal of Pediatrics;

- 2019 жылдан бастап - Archiv EVRO MEDICA.

Нұрлан Нұркенұлы 1994 жылы академик Камал Ормантаевтың басшылығымен хирургия бөлімін ашты. Сол жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін балалар хирургиясы бөлімін басқарып келеді.

#НұрланАхпаров

#академик

#Педиатрияорталығы

#хирург