17 мамыр - пульмонологтар кәсіби төл мерекелерін атап өтеді. Пульмонологтар - ағзамыздың тыныс алу жүйесі ауруларын анықтайтын және емдейтін дәрігерлер.

Өкпе, бұл біздің тыныс алу ағзамыз. Осы органның арқасында біз тыныс алып, өмір сүреміз. Күн сайын өкпемізден шамамен 10 мың литр ауа өтеді, біз орташа есеппен 20-25 мың рет дем аламыз.

Педиатрия орталығы клиникада қызмет атқаратын барлық пульмонолог-дәрігерлерді кәсіби мерекелерімен құттықтай отыра, мықты денсаулық, отбасыларына бақыт, еңбектеріне табыс тілейді!

Пульмонология бөлімі Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығында 1962 жылдан бастап жұмыс істейді. Биыл бұл қызметке 58 жыл толды. Осы жылдар ішінде бар ғұмырын тыныс жолдарының патологиясы бар балаларды емдеуге арнаған, еліміздегі пульмонология қызметін дамытуға өз үлестерін қосқан дәрігерлердің бірнеше буыны ауысты. Қазіргі уақытта да балалар пульмонологы - ең қажетті, маңызды медициналық мамандардың бірі болып табылады. Мамандыққа деген сұраныс өкпе-бронх (тыныс алу аурулары бірінші орын алады) ауруларының көп таралуымен, тыныс алу патологияларының алуан түрімен, диагностикалық міндеттердің күрделілігімен және оларды сәтті шешудің мүмкіндігімен байланысты.

Бөлімде диагностикалық және емдеу жұмыстары халықаралық стандарттарға сәйкес заманауи деңгейде жүргізіледі. Бөлімге Қазақстанның барлық аймақтарынан ең күрделі науқастар жатқызылады. Бөлім дәрігерлері педиатрлармен, балалар пульмонологтарымен және жалпы тәжірибелік дәрігерлермен педагогикалық жұмыстар жүргізеді. Орталық дәрігерлері еліміздің әр аймағында шеберлік сыныптар, емдік-кеңестік және әдістемелік көмек көрсетіп отырады. Медицинаға заманауи телемедицина енгізілгелі пульмонологтар ең көп кеңестерін беріп, көмектерін беруден шаршамай келеді. Педиатрия орталығының пульмонологтары жылына 150-ден аса консультациялар береді.

Пульмонология бөлімі бүгінде жас мамандарды даярлауда жақсы мектеп болып табылады. Өткен жылдан бастап орталық балалар пульмонологтарын даярлауды бастады.

#Пульманологтаркүні

#Құттықтау

#Педиатрияорталығы