Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының дәрігерлері ҚР Денсаулық сақтау саласы мен балалар саулығына қосқан үлесі үшін жоғары наградалармен марапатталды.

         Салтанатты жиынды Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының Басқарма төрайымы Риза Боранбаева ашып, барша қауымды Тәуелсіздік мерекесімен құттықтады.

         ҚР Президентінің жарлығымен «Құрмет» ордені мемлекеттік наградасымен Хирургия бөлімінің меңгерушісі Нұрлан Ахпаров, «Халық алғысы» медалімен – орталық басшысы Риза Боранбаева, онкогематолог дәрігер Әйгерім Биболатова марапатталды.

         Салтанатты жиын барысында балалар денсаулығын нығайту жолында елеулі еңбек сіңіріп, денсаулық сақтау ісін дамытуға айырықша үлес қосып келе жатқан орталықтың бірқатар дәрігерлері ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің   жоғары марапаттарына ие болып, құрметке бөленді.

         Ғылым бөлімінің басшысы Айгүл Базарбаева, Хирург-дәрігер Мөлдір Қалабаева, Пульмонология бөлімінің мейірбикесі Замзагүл Утебалиева, Күндізгі стационар бөлімінің меңгерушісі Жанар Киялбекова, Диеталық мейірбике Мария Коразова «Денсаулық сақтау   ісінің үздігі» атанып, төсбелгімен марпатталды.

         «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен - Сәулелі диагностика бөлімінің меңгерушісі Сүндет Саргелов, Зертхана маманы Айзада Аринова, Неонатология бөлімінің мейірбикесі Гүлжан Сәдібек, Операциялық блоктың аға мейірбикесі Камилям Маметбугенова марапатталды.

         ҚР Премьер-Министрінің Алғыс хатымен Басқарма төрайымының ғылыми-клиникалық және инновациялық қызметтер жөніндегі орынбасары Лязат Манжуова марапатталды.

         Айтулы күні сонымен қатар, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Құрмет грамотасымен - №2 реанимация бөлімінің Аға мейірбикесі Гүлзат Худасова, Функционалдық диагностикалық бөлімінің дәрігері Айжан Нұрханова, Аға медицина статистигі Құралай Смағұлова, Кардиохирургия реанимация бөлімінің меңгерушісі Атхам Налибаев, ҚР ДСМ Алғыс хаттарымен: Неонатология бөлімінің мейірбикесі Хельчям Сулайманова, Орталық залалсыздандыру бөлімінің мейірбикесі Индира Есжанова, бухгалтер Рушангүл Ашимова, Кір жуу бөлімінің меңгерушісі Гульнара Гулахмедова марапатталды.

         Ерен еңбектері бағаланып, еңбегі еленген барша марапат иелерін құттықтаймыз!

«Педиатрия және балалар

хирургиясы ғылыми орталығы»

баспасөз қызметі