Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығына 14.12.2020 жылы «Дәрігерлерге рахмет» қоғамдық бірлестігі құны 23.000.000 теңгеге жуық, қазақстандықтардың демеушіліктері мен қайырымдылықтарына сатып алынған Оңтүстік Кореялық Samsung Medison компаниясының сараптамалық кластағы УДЗ аппаратын табыстады.

Жаңа жабдық – диагноздарды, атап айтқанда, балалардағы туа біткен ақауларды тез және дәл қоюды қамтамасыз ететін бейнелеу технологияларындағы Samsung-тың соңғы жаңалықтарын енгізген зерттеулердің барлық түрлеріне арналған сараптамалық кластағы ультрадыбыстық аппарат.

2020 жыл Қазақстанда еріктілер жылы деп жарияланды. Дәл осы жылы бүкіл әлем мен біздің еліміз COVID-19 проблемасына тап болды. Бұл жағдай көптеген адамдарды еріктілер қызметімен және түрлі қайырымдылықпен айналысуға итермеледі. «Дәрігерлерге рахмет» қоғамдық бірлестігі осы қиын кезеңде дүниеге келді. Шілде айының басында дәрігерлерге алғыс ретінде басталған іс-шаралар қазір медициналық мекемелерге және тиісінше, пациенттерге көмек көрсету қорына айналды.

Жаз мезгілінде «Дәрігерлерге рахмет» қоры оттегі концентраторларымен, дәрігерлерге арналған түрлі қорғаныс құралдарымен, тонометрлер, глюкометрлер және сатураторлар сияқты түрлі құралдармен қамтамасыз етілді. Тамыз айында Жәкенов атындағы Қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасының жансақтау бөлімі ВМ-7 пациентті бақылау мониторларымен толығымен қайта жабдықталды.

Бүгінгі таңда «Дәрігерлерге рахмет» ҚБ жарты жылдан аз уақыт ішінде 100 миллион теңгеге көмек көрсетті.

Жақын арада Ұйым Алматы қаласындағы Онкология институтын пациентті жүргізу мониторларымен толық жабдықтау, сондай-ақ ҚР-ның көптеген медициналық мекемелеріне басқа да қолдан келетін көмек көрсетуді жоспарлап отыр.

Біз «Дәрігерлерге рахмет» қорына және бей-жай қарамайтын барлық азаматтарға демеушілік және ақпараттық қолдау көрсеткені үшін зор алғысымызды білдіреміз!

 

ПБХҒО Баспасөз қызметі