Құрметті әріптестер, Сіздерді 2021 жылғы 21-23 сәуірде сағат 09.00-ден 18.10-ға дейін онлайн-режимде (тікелей көрсетілім) өтетін Қазақстан балалар дәрігерлерінің IX Съезіне қатысуға шақырамыз. Конгреске қатысу үшін сілтеме бойынша өтіп, 5 сәуірден бастап Сайтта тіркелу қажет:
Тіркелу кезінде: аты-жөні, мамандануы, байланыс телефоны көрсетілуі керек. Басқа құрылғылардан Съезд парақшасына кірген кезде қайта тіркеуден өтіңіз!
Съезд бағдарламасы тіркеу парақшасында қолжетімді. Алдын ала тіркелуіңізді сұраймыз. Әр қатысушы сертификат алады. Қатысу тегін!