Бүгін Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығында егеменді еліміздің ең ұлық мерекесі - Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиын өтті.

         Жиынды Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының Басқарма төрайымы Риза Боранбаева мен Директорлар кеңесінің төрағасы Мариям Омарова ашып, барша қауымды Тәуелсіздік мерекесінің 30 жылдығымен құттықтады.

         Салтанатты жиын барысында балалар денсаулығын нығайту жолында елеулі еңбек сіңіріп, денсаулық сақтау ісін дамытуға айырықша үлес қосып келе жатқан орталықтың бірқатар дәрігерлері ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің   жоғары марапаттарына ие болып, құрметке бөленді.

         Атап айтқанда, 40 жылдан бері орталықта қызмет жасап, балалар денсаулығын нығайту саласына зор үлес қосып келе жатқан анестезиолог-дәрігер Гульжахан Абдулаева мен Диагностикалық кеңес беру бөлімінің мейірбикесі Света Айдарханова ҚР ДСМ «Еңбек ардагері» медалімен марапатталды.

         20-30 жылдан астам балалар денсаулығын жақсарту жолында аянбай қызмет жасап келе жатқан мамандар: дезинфектор Светлана Терехова, медициналық статистика бөлімінің аға-мейірбикесі Құралай Смағұлова, Функционалды-диагностика бөлімінің мейірбикесі Индира Мамыткулова, Кардиохирургия бөлімінің аға мейірбикесі Гүлмира Суранова «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен марапатталды.

         Реанимация бөлімінің дәрігері Акерке Ибраимова, Хирургия бөлімінің хирург-дәрігері Кахриман Ахтаров, №1 онкогематология бөлімінің меңгерушісі, онкогематолог дәрігер Олеся Панкова, Сәулелі диагностика бөлімінің аға мейірбикесі Назгүл Атанбекова, Клиникалық-диагностика зертханасының аға лаборанты Курванбуби Зиямова «Денсаулық сақтау   ісінің үздігі» атанып, төсбелгімен марпатталды.

         Айтулы күні сонымен қатар, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Құрмет грамотасымен – Жалпы педиатрия бөлімінің меңгерушісі Гүлмира Ержанова, гематолог-дәрігер Мухаббат Ремкулова, Клиникалық-диагностика зертханасының маманы Дина Нұрпейісова, Құқықтық қамтамасыз ету және сатып алу бөлімінің басшысы Айнұр Мұхаметжанова марапатталса, ҚР ДСМ Алғыс хаттарымен: статист-дәрігер Лаура Наурузова,   анестезиолог-дәрігер Данияр Кусаинов, реанимация бөлімінің тазалықшысы Гүлбағила Корбозова марапатталды.

         ҚР Президентінің жарлығымен «Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерекелік медалімен Педиатрия орталығының бірқатар қызметкерлері де марапатталды:

  1. Константин Хаиров, хирургия блок басшысы;
  2. Кулян Омарова, профессор, онкогематолог дәрігер;
  3. Алмас Аташев, медициналық статистика бөлімінің меңгерушісі;
  4. Шолпан Скакова, урология бөлімінің мейірбикесі;
  5. Назгүл Жанұзакова, пульманология бөлімінің меңгерушісі;
  6. Жанель Тюлебаева,   неонатология бөлімінің дәрігері;
  7. Азиз Онласынов, кардиохирургия бөлімінің кардиохирургы;
  8. Нұргүл Бабатова, сәулелі диагностика бөлімінің мейірбикесі.
  9. Анар Шекенова, реанимация бөлімінің дәрігері.

         «Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерекелік медалімен сонымен қатар, Директорлар кеңесінің төрағасы Мариям Омарова марапатталды.

         Ерен еңбектері бағаланып, еңбегі еленген ақ халатты абзал жандарды орталық басшысы Риза Боранбаева өз қолымен марапаттады. Алғы құттықтау сөзінде клиника басшысы орталықтың егемендіктің арқасында қол жеткізген жетістіктерін баяндап, барша қызметерлерге баға жетпес өлшеусіз еңбектеріне зор алғысын білдірді.

            Шара орталық резиденттерінің дайындауындағы шағын концерттік қойылыммен аяқталды.

         Барша марапат иелерін марапаттарымен құттықтаймыз!

Еліміздің көк туы әрдайым биікте желбірей берсін! Егемендігіміз баянды, тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын!

        

#МАРАПАТЖАУҒАНКҮН

#Педиатрия орталығы

#Тәуелсіздіккүні

#НЦПДХ