Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығында 8-10 желтоқсан күндері аралығында «Бала жасындағы ісіктердің патоморфологиялық және иммуногистохимиялық диагностикасы» тақырыбында шеберлік сағаты өтті. Онлайн форматында өткен шараға Қазақстан Республикасының барлық өңірлерінен, сондай-ақ Қырғыз Республикасы мен Ресейден алпыстан астам патоморфолог-дәрігерлер қатысты.
Педиатрия орталығында 4 онкогематология бөлімі, онкологиялық науқастарға арналған хирургиялық бөлім, ГДЖТ бөлімшесі бар. Гистологиялық және иммуногистохимиялық диагностика қатерлі ісіктерді диагностикалау және сәтті емдеу үшін ең қажетті шарттардың бірі болып табылады. Балалардағы қатерлі ісіктің барлық түрлері негізінен орфандық екенін ескерсек, олардың диагнозы әрқашан күрделі және өте жауапты. Осыған байланысты мұндай шеберлік сағаттарын өткізу өзекті және қажетті болып табылады.
Д.Рогачев атындағы Ұлттық медициналық зерттеу орталығының патологоанатомиялық бөлімшесінің меңгерушісі, м.ғ.к. Дмитрий Михайлович Коноваловқа өте мазмұнды және өзекті дәрістері үшін алғыс айтамыз!
#мастеркласс
#Педиатрияорталығы
#онкология
#патоморфологтар
#қатерліісік