«Салидат Қайырбекова атындағы Денсаулық сақтауды дамыту ұлттық ғылыми орталығы» ШЖҚ РМК өткізген 2020-2021 оқу жылының қорытындысы бойынша білім беру қызметін, ғылыми-зерттеу институттарын, ғылыми орталықтарды рейтингтік бағалау нәтижелері бойынша – «Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы» АҚ БІРІНШІ орынды иеленді. Атап өтетін жайт, орталық Қазақстан Республикасындағы 14 ғылыми орталықтар мен ғылыми-зерттеу институттары ішінде білім беру қызметінің жоғары деңгейі – 5 жұлдыз рейтингіне сәйкес келетін жалғыз ұйым болып табылады.
Жұлдыздар |
Мәндер аралықтары |
ҒЗИ/ҒО сәйкестігі |
***** |
300 балдан кем емес |
ПБХҒО |
**** |
250 балдан кем емес |
- |
*** |
180 балдан кем емес |
ҚазКАҒЗИ, ҰҒОО, ҰҒХО, ҰҒТОО, ҰҒМО |
** |
120 балдан кем емес |
ТВАҒЗИ, ҰҒКХО, UMC, АГПҰО, УҰО, ҚДЖАҒО, ҰНХО |
* |
80 балдан кем емес |
ҚазОРҒЗИ |
Әрине, біз осындай нәтижеге шексіз қуаныштымыз, бұл бүкіл ұжымның, профессорлық-оқытушылық құрамның жұмысы, әкімшіліктің қолдауы.
Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығында резиденттерді оқыту бағдарламалары 2011 жылдан бастап жүзеге асырылады.
Біздің орталықта резиденттердің білім алуы үшін барлық жағдайлар жасалған, қолайлы жұмыс ортасы қамтамасыз етілген. Оқу бөлмелері барлық қажетті техникамен, проекторлармен, компьютерлермен, экранмен, бейне қабырғамен жабдықталған. Әр бөлім үздіксіз интернетпен қамтамасыз етілген. Клиникада жыл сайын толықтырылып тұратын жақсы кітапхана қоры бар.
Ең маңыздысы – резиденттердің еліміздің әртүрлі аймақтарынан келген түрлі ауыр патологиялары бар балаларды қарауға мүмкіндігі бар. Резиденттерді даярлау бағдарламасы оларды практикалық дағдыларға, командаларда жұмыс істеуге баулиды, бұл аса күрделі пациенттерді емдеген кезде өте маңызды, олардың нәтижесі командалық жұмысты дұрыс ұйымдастыруға байланысты екенін көрген кезде олардың жауапкершілігін арттырады.
Бұдан басқа, Педиатрия орталығының резиденттері орталықта өткізілетін барлық іс-шараларға: шеберлік сыныптарына, «Ашық есік күндеріне», семинарларға, форумдарға және тәжірибелік, ғылыми-практикалық ақпарат алмасуға бағытталған басқа да шараларға қатысуға мүмкіндігі бар. Олар сонымен қатар ғылыми және зерттеу жобаларын орындауға қатысып, республикалық және халықаралық конференцияларда баяндама жасайды және жариялайды.
Біздің орталықтың түлектері практикалық денсаулық сақтауда үлкен сұранысқа ие. Біздің көптеген түлектеріміз басшылық қызметтерді атқарады, бөлім меңгерушілері болып қызмет атқаруда. Оның ішінде біздің орталықта да қызмет жасап жүрген резиденттер көп. Бірқатары PhD докторантураға түсіп, білімдерін жетілдіруде. Атап өте кетейік, «Болашақ» бағдарламасы бойынша АҚШ-та магистратурада оқитын біздің орталықтың резидентура түлектері бар.
#рейтинг
#Рейтингқорытындысы
#ғылымбілім
#Педиатрияорталығы
#резиденттер
#НЦпедиатрии