2 маусым күні Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығында Балаларды қорғау күніне орай Ашық есік күні өтті.

          Бұл күні ата-аналар Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының жетекші мамандарына балаларын қаратып, тегін кеңес ала алды.

          Ашық есік күні 50 балаға тегін консультациялар жүргізілді. Педиатрия орталығының балалар педиатрлары — гастроэнтеролог, кардиолог, ревматолог, уролог, нефролог, гематолог, онколог, хирург, пульмонолог, кардиохирург мамандары балалардың денсаулығын тексеріп, сырқауды емдеу бойынша ата-аналарына қажетті ақпараттарды берді.

Ақылы диагностикалық кеңес беру бөлімінің меңгерушісі Альфия Назарованың айтуынша, емханаға басқа күндері келушілер саны көп болатындықтан, осындай ашық есік күндерін ата-аналар асыға күтетін және көптеп келетінін айтты.

          «Біз бір апта бұрын онколог маманына жазылған едік. Тегін қарап жатқанын біліп, қатты қуандық. Менің төрт балам бар. Мадияр кенжем. Баламның басына бір жыл бұрын ісік табылып, ота жасалған еді. Бүгін әрі қарайғы емі бойынша онкохирург маманынан кеңес алуға келіп едік», дейді Мадиярдың анасы, Алматы тұрғыны Майгүл Смайылова.

         

#Педиатрияорталығы

#НЦпедиатрии

#НЦПДХ

#Деньоткрытыхдверей

#Ашықесіккүні

#консультативнодиагностическогоотделение