Маусым айының үшінші жексенбісі ақ халатты абзал жандардың төл мерекесі. Айтулы күн қарсаңында балалар денсаулығын нығайту жолында елеулі еңбек сіңіріп, денсаулық сақтау ісін дамытуға айырықша үлес қосып келе жатқан Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының дәрігерлері ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің   жоғары наградаларымен марапатталды.

Медицина саласының үздіктерін орталық басшысы міндетін атқарушы Лязат Манжуова марапаттап, барша қауымды кәсіби мерекемен құттықтады.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен бар ғұмырын балалар саулығына арнап келе жатқан Неонатология және жаңа туған нәрестелер хирургиясы бөлімінің мейірбикесі Бақыткүл Құндызбаева, Урология бөлімінің аға мейірбикесі Ботажан Әбдірасылова, Сәулелік терапия бөлімінің рентгенолог дәрігері Аманкүл Тайнекова, Кардиохирург, Кардиохирургия, интервенциялық кардиология және ангиохирургия бөлімінің меңгерушісі Алмас Бердібеков марапатталып, құрметке бөленді.

Ал, «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» медалімен Неонатология және жаңа туған нәрестелер хирургиясы бөлімінің неонатолог дәрігері Жанель Тюлебаева, №1 хирургия бөлімінің хирург дәрігері Азамат Оразалинов, Жалпы педиатрия бөлімінің меңгерушісі Гүлмира Ержанова, Пульмонология бөлімінің меңгерушісі Назгүл Жанұзақова, Функционалды-диагностикалық бөлімінің мейірбикесі Шолпан Исаева марапатталып, ерен еңбектері бағаланды.

Балалар денсаулығын сақтау саласындағы жемісті еңбегі мен денсаулық сақтау жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін берілген Құрмет грамоталарымен: Гемопоэздік дің жасушаларын транспланттау бөлімінің емшара мейірбикесі Гүлназ Серікбаева, Сәулелі диагностика бөлімінің УДЗ мейірбикесі Назгүл Бекқожаева, Клиникалық зертхананың фельдшер-зертханашысы Ғалия Әлиева, Функционалдық диагностика және физиотерапия бөлімінің нейромиография дәрігері Елена Левченко марапатталды.

 Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі мен мінсіз адал еңбегі үшін ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Алғыс хатымен Ғимараттар мен құрылыстарды пайдалану кір жуу және себезгі қызметінің қызметкері Фарида Әкімғожаева, Кардиохирургия, интервенциялық кардиология және ангиохирургия бөлімшесінің медициналық ағасы

Рамил Мәсімов, №4 балалар онкологиясы және гематология бөлімінің санитары Майгүл Ахметова, Микробиологиялық зертхананың санитар зертханашысы Ұлжалғас Әбен марапатталып, ерекше сый-құрметке бөленді.

Барша марапат иелерін еңбектерінің жемісімен құттықтаймыз!

Адам жанының арашашысы – ақ халатты абзал жандардың еңбектерi қандай марапатқа болса да лайық. Өйткені, олар тыным таппастан адамзатқа қызмет етіп, өмір мен өлім тайталасына түскен жандарға, қаншама мың сәбилер мен балаларға жаңа өмір, жарық күн сыйлап, кішкентай «жүректердің» жанын сақтап, бала саулығы жолында аянбай қызмет етіп келеді.

Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығында бар өмірі мен қызметін кішкентай нәрестелер мен балалар денсаулығына арнап келе жатқан 700-ден астам қызметкер аянбай қызмет етуде.

#ЕңбекБағаланғанКүн

#МедицинақызметкерлеріКүні

#Педиатрияорталығы

#Марапатжауғанкүн