Биылғы жаңа оқу жылы қарсаңында Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының Кәсіподақ ұйымы «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы аясында мектеп табалдырығын алғаш рет аттағалы отырған 60 балаға 25 мың теңге көлемінде ақшалай сыйлықтарды табыс етті.
Аз қамтылған және көп балалы отбасы балаларын, сонымен қатар денсаулығына байланысты үйде білім алатын бүлдіршіндерді мектепке қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету мақсатындағы шара 27 жылдан бері дәстүрлі түрде өткізіліп келеді.
Игілікті шара жаңа оқу жылында әр балаға мерекелік көңіл-күй сыйлап, жаңа қарқын, білімге деген құштарлық пен сүйіспеншілік ұялататыны сөзсіз деп білеміз.
Орталық ұжымы барша оқушыларға жаңа оқу жылында оқуда озат болуды, білімді де білікті азамат болып өсуді тілейді!
#Педиатрияорталығы
#МектепкеЖолАкциясы
#Кәсіподақ