25 қазан ұлттық мереке - Республика күні. Айтулы күн қарсаңында балалар денсаулығын нығайту жолында елеулі еңбек сіңіріп, денсаулық сақтау ісін дамытуға айырықша үлес қосып келе жатқан Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының дәрігерлері ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің жоғары наградаларымен және Кәсіподақ ұйымының грамоталарымен марапатталды.
Медицина саласының үздіктерін орталық басшысы Абай Құсайынов марапаттап, барша қауымды еліміздің егемендігі туралы Декларация қабылданған Республика күнімен құттықтады.
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен бар ғұмырын балалар саулығына арнап келе жатқан №1 хирургия бөлімінің хирург дәрігері Нұржан Афлатанов, №2 хирургия бөлімінің мейірбикесі Нұржанат Табулдинова, Физиотерапия бөлімінің аға мейірбикесі Дильдяхан Хамитқожаева, Клиникалық зертхананың фельдшер-зертханашысы Гүлмира Мамытахынова, Операциялық блок бөлімінің меңгерушісі Елена Тян марапатталып, құрметке бөленді.
Ал, «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» медалімен Сәулелі диагностика бөлімінің УДЗ мейірбикесі Нұрсауле Нүсіпжанова, Медициналық статистика бөлімінің меңгерушісі Алмас Аташев, Кардиохирургия, интервенциялық кардиология және ангиохирургия бөлімінің дәрігері Азиз Онласынов, Ересек жастағы балаларға арналған анестезиология, реанимация және қарқынды терапия бөлімінің анестезиолог-дәрігері Қайрат Ұлыбаев марапатталып, ерен еңбектері бағаланды.
Балалар денсаулығын сақтау саласындағы жемісті еңбегі мен денсаулық сақтау жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін берілген Құрмет грамоталарымен: Онкологиялық және гематологиялық науқастарға арналған анестезиология, реанимация және қарқынды терапия бөлімінің мейірбикесі Сандуғаш Дайранова, Клиникалық зертхананың фельдшер-зертханашысы Жанаргүл Күлетаева, жүргізуші Ақбар Жақыпбеков марапатталды.
Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі мен мінсіз адал еңбегі үшін ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Алғыс хатымен: Сәулелі диагностика бөлімінің дәрігері Динара Жамбылова, Пульмонология бөлімінің шаруашылық бикесі Раушан Бұдырбаева, Клиникалық-диагностика зертханасының санитары Динара Мергенбаева, Клиникалық-диагностика зертханасының шаруашылық бикесі Ляззат Молдабекова, Жылу және сумен жабдықтау бөлімінің операторы Бақытжан Жошканов марапатталып, ерекше сый-құрметке бөленді.
Сонымен қатар, салтанатты жиын барысында Кәсіподақ ісіне қосқан үлесі үшін Басқарма төрағасының ғылыми-клиникалық және инновациялық қызметтер жөніндегі орынбасары Лязат Манжуова мен Педиатриялық блок басшысы Гүлнар Әбділова «Қазақстандық денсаулық сақтау қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің төсбелгісімен марапатталды. Ал, Кәсіподақ ісін дамыту мен нығайтуға қосқан үлесі үшін Шаруашылық істерін ұйымдастыру бөлімінің басшысы Дастан Әлішев, диетсестра Мария Коразова, Бас аспаз Гүлмереке Бортаева, балалар психологы Гүлжамиля Нүсіпжанова Құрмет грамоталарымен марапатталды.
Ерен еңбектері бағаланып, еңбегі еленген барша марапат иелерін құттықтаймыз!
Адам жанының арашашысы – ақ халатты абзал жандардың еңбектерi қандай марапатқа болса да лайық. Өйткені, олар балалар саулығы жолында аянбай қызмет етіп, қаншама мың сәбилер мен балаларға жаңа өмір, жарық күн сыйлап, тыным таппастан адамзатқа қызмет етіп келеді. Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығында бар өмірі мен қызметін кішкентай нәрестелер мен балалар денсаулығына арнап келе жатқан 700-ден астам қызметкер аянбай қызмет етуде.
Еліміздің көк туы әрдайым биікте желбірей берсін! Егемендігіміз баянды болсын! Жарқын болашақ, елдің ертеңі - жас ұрпақтың денсаулығын емдеу мен медициналық көмек көрсетуде қосар үлестеріңіз мол болсын!
#РеспубликаКүні
#ЕңбекБағаланғанКүн
#Балаларсаулығы
#Педиатрияорталығы
#Марапатжауғанкүн
#балалардәрігерлері