2022 жылдың тамызында Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының резидентурасына қабылдау науқаны сәтті өтті.
Орталықта жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бойынша дайындық резидентураның үш мамандығы бойынша жүзеге асырылады: «Педиатрия», «Балалар хирургиясы», «Балалар онкологиясы және гематологиясы».
ҚР ДСМ Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығына мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша 20 орын бөлінді: Педиатрия бойынша – 10 орын, Балалар хирургиясы бойынша – 5 орын және Балалар онкологиясы мен гематологиясы бойынша – 5 орын. Сондай-ақ, 1 дәрігер біздің орталықта «Балалар онкологиясы және гематологиясы» мамандығы бойынша ақылы негізде оқуға ниет білдірді.
2010 жылдан бастап 2021 жылға дейін Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығында 231 резидент оқытылды, оның ішінде 173 педиатр және 58 балалар хирургы. Бүгінде олар білікті дәрігерлер атанып, еліміздің әр өңірінде еңбек етуде.
Біздің орталықта резиденттердің білім алуына барлық жағдайлар жасалған, қолайлы жұмыс ортасы қамтамасыз етілген. Оқу бөлмелері қажетті техникалық қамтамасыз ету құралдарымен жабдықталған. Клиника Қазақстанның барлық өңірлерінен келген балаларға мамандандырылған және жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсететін республикалық орталық болғандықтан, резиденттердің әр түрлі ауыр патологиялары бар балаларды көруге және қарауға мүмкіндіктері бар. Теориямен қатар тәжірибені ұштастырып жүрген резиденттер түрлі бөлімшелердің емшара кабинеттерінде және операциялық залдарда білімдерін жетілдіруде. Хирург резиденттер күрделі операциялар кезінде белсенді көмек көрсетеді, операциядан кейінгі кезеңде пациенттерді қарайды. Пациенттерді емдеумен қатар резиденттер орталықта өткізілетін барлық іс-шараларға қатысады. Біздің орталықтың резидентура түлектерінің көбі PhD докторантураға түсті, кейбірі әр түрлі мекемеде бөлім меңгерушілері болып табылады, соның ішінде біздің орталықта меңгеруші болып жүрген біздің түлектер бар. АҚШ-та «Болашақ» бойынша магистратураны қорғаған біздің орталықтың резидентура түлегі оқиды. Сондықтан да, әрине, Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының резиденті болу өте беделді.
#Педиатрияорталығы
#НЦпедиатрии
#НЦПДХ
#резидентура
#ғылымбілім