Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының қызметкерлері «Қазақстан халқына» қорының қолдауымен Түркияның Стамбул қаласында 21.11.22-09.12.22ж. аралығында 3 апталық тағылымдамадан өтті.
Стамбулдағы Medical Park Göztepe клиникасындағы тағылымдама онкогематологиялық науқастарға арналған жан сақтау және қарқынды емдеу бөлімінің онкогематолог дәрігерлері мен реаниматологтарына арналған. Онкогематологиялық бейіндегі алты маманның біліктіліктерін арттыру бойынша оқыту курсы «Қазақстан халқына» әлеуметтік қорының қолдауымен мүмкін болды. Қордың шұғыл қажеттілікке байланысты, қысқа уақыт ішінде ұйымдастыру жұмыстарын қолға алып, бар шығындарды өз мойнына алғанын атап өткіміз келеді.
Осы клиникадағы онкогематологиялық қызметтің негізгі бір бағыты – онкологиялық және гематологиялық аурулары бар пациенттерді терапияның жаңа әдістерін (таргетті, жасушалық терапия) қолдана отырып, кейіннен гемопоэздік дің жасушаларын (ГДЖТ) туыстас және туыстас емес донорлардан трансплантациялау арқылы емдеу.
«Оқу кезеңінде моноклоналды антиденелерді қолданатын таргетті терапия (Блинатумомаб, Милотарг), жасушалық терапия (NK жасушалық инъекциялар, car-t cell терапиясы) сияқты инновациялық емдеу әдістерімен таныстық. Гемопоэздік дің жасушаларын трансплантациялау бөлімшесінде пациенттерді күнделікті аралауға қатысып, кондиционерлеу режимдерімен және сүйек кемігін трансплантациялаудан кейінгі асқынулардың алдын алу әдістерімен таныстық. Емханадағы қабылдауда пациенттерді тексеруге, созылмалы ТИҚР бар пациенттер бойынша консилиумдарға (трансплантаттың иесіне қарсы реакциясы) қатыстық. Дәрігер реаниматологтар сонымен қатар реанимация бөлімшесінің жұмысына қатысты, іш қуысының ісіктерін жою бойынша жасалынған оталарды бірге жасап, экстракорпоральды детоксикацияның жаңа әдістерін игердік. Дәрігерлер үшін тағылымдама жоғары деңгейде өтті!» - деді ПБХҒО реанимациялық блогының жетекшісі Гульшат Алимханова.
#Педиатрияорталығы
#НЦПДХ
#онкология
#педиатрия
#тағылымдама
#Қазақстанхалқынақоры