«Қазақстан халқына» қорының арқасында нейробластомаға шалдыққан тәуекелі жоғары 9 бала толық сауығып кетуге мүмкіндік алды, әр пациентке иммунотерапияның толық курсын жүргізу үшін карзиба құтыларының қажетті саны сатып алынды. Қазіргі уақытта Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының пациенттері Карзиба препаратымен иммунотерапия алуда.

Нейробластома – бұл симпатикалық жүйке жүйесінің эмбриональды ісігі, ол агрессивті, басқарылмайтын өсумен және метастаздың күшеюімен сипатталады. Терапияның әзірленген сызбаларына қарамастан тәуекелі жоғары науқастардың болжамы қолайсыз болып қала береді. Тәуекелі жоғары нейробластоманы емдеудегі жетістіктердің бірі – бұл пациенттердің сауығу мүмкіндігін арттыруға мүмкіндік беретін динутуксимаб бета (Карзиба) қолдану арқылы иммунотерапия. Алайда, Карзибаны қолдану оның аса қымбаттығына және тіркеудің болмауына байланысты соңғы уақытқа дейін мүмкін болмады.

Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы «Қазақстан халқына» қоры басшылығына үлкен алғысын білдіреді және қызметтеріне табыс тілейді. Балалар денсаулығына аса көңіл бөліп, ата-аналарға қуаныш сыйлағандарыңызға көп рахмет!

Клинкада жылына жаңа туған нәрестеден бастап 18 жасқа дейінгі Қазақстанның барлық өңірлерінен 6000-нан астам бала тәулік бойы және күндізгі стационар жағдайында мамандандырылған және жоғары деңгейде қажетті медициналық көмек алады.

Балалар онкологиясы және гематологиясы бөлімшесі мен гемопоэздік дің жасушаларын трансплантациялау бөлімшесі 134 төсек-орынға арналған. Бұл бөлімшелерде жылына 2500-ден астам түрлі онкологиялық және гематологиялық ауруға шалдыққан балалар ем алады.

#Педиатрияорталығы

#гематология

#онкология

#қайырымдылық

#Алғыс

#Қазақстанхалқынақоры