Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының пульмонолог-дәрігері Маршалкина Татьяна Васильевна «Кәсіби жетістіктері үшін» номинациясы бойынша «Қоғамдық танылу» халық сыйлығының лауреаты деп танылды.

Алматыда «Алтын адам – Жыл адамы» ұлттық сыйлығының марапаттау рәсімі өтті.

Қазақстандағы №1 жыл сайынғы «Алтын адам – Жыл адамы» ұлттық сыйлығын ұйымдастыру комитеті балалар денсаулығын сақтау саласындағы жемісті еңбегі үшін және Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін балалар дәрігері Татьяна Васильевна Маршалкинаны «Қоғамдық танылу» сыйлығының лауреаты деп таныды.

Еліміздің еңселі болуы үшін еңбектеніп жүрген ел азаматтарының жүзден жүйрік, мыңнан тұлпарларын атап өту мақсатында дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келе жатқан байқау 2013 жылдан бері өткізіліп келеді.

«Жыл таңдауы» — халық таңдауы! Марапаттарды еңбегі, жанкештілігі, қаһармандығы, таланты мен зор еңбегімен ерекшеленген өз саласының кіл мықтылары алды.

Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының ұжымы Татьяна Васильевна Маршалкинаны лайықты марапатымен шын жүректен құттықтайды! Сізге зор денсаулық және балалар саулығы жолындағы қызметіңізге мол табыстар тілейміз!

#Жылтаңдауы

#ЖылАдамы

#ТатьянаМаршалкина

#МАРАПАТ

#Педиатрияорталығы