15 ақпан - Бүкіләлемдік балалардағы қатерлі ісік ауруына қарсы күрес күніне орай Педиатрия орталығында балалар үшін арнайы шаралар өтті.
Қатерлі дертпен күресіп жатқан кішкентай пациенттеріміз үшін ойын-суық бағдарламалары ұйымдастырылды. Балалар аниматорлармен бірге ойын ойнап, би билеп, көңілдерін көтерді. Әр балаға түрлі-түсті шарлар, бәліштер, жеміс-жидектер мен шырындар таратылып, түрлі сыйлықтар табысталды. Қойылымдар барлық онкогематология бөлімдерінде өтті.
Ем алып жатқан балалар тәрбиешілерімен бірге «Өмір ағашы», «Біздің көңілді күндеріміз» атты көрнекілік көрме жасады. Балалардың қолынан шыққан туындыларды суреттен көре аласыздар.
Бұл орайда, әрқашан балаларды қуантуға асығатын «Амила» мен «Menin Armanym» қайырымдылық қорларына зор алғысымызды білдіреміз!
#шара
#Қатерліісікауруынақарсыкүрескүні
#онкология
#Педиатрияорталығы