2 наурыз күні Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің профессоры, ректор кеңесшісі, дәрігер Сойлет Юнус Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығында «Гипоспадия. Хирургиялық емі» тақырыбында дәріс оқыды.

Оқыту дәрісіне жоғарғы оқу орындарының резиденттерімен қатар,   клиниканың және Алматы қаласы медициналық мекемелерінде қызмет жасайтын уролог мамандар қатысты.

Кездесу барысында қонақтар клиниканың бірнеше бөлімін аралап көріп, науқастарды емдеу шараларымен, клиниканың тыныс-тіршілігімен танысып, Орталық басшысы А.З.Құсайыновтың қабылдауында болды.

Профессор орталықтың уролог мамандарымен арнайы кездесу өткізіп, урологтар дәрігерлерінің сапалы қызметі мен емдеу іс-шараларына жоғары баға берді. Кездесу соңында барша ұжымға бала денсаулығы жолында атқарып жатқан істеріне алғысын білдірді.

Профессор Сойлет Юнус Алматыдағы сапары аясында бірнеше ірі клиникаларда және Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінде болды.