Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығында 2023 жылғы 5-6 сәуір күндері аралығында «Нәрестелердің қан тамырларына қол жеткізудің заманауи әдістері» тақырыбында шеберлік сыныбы өтті.

Шеберлік сыныбына Қызылорда, Шымкент, Алматы және Алматы облысының реаниматолог, неонатолог дәрігерлері, реанимация, неонатология және и жаңа туған нәрестелер патологиясы бөлімдерінің орта медицина қызметкерлері қатысты.

Шеберлік сыныбы барысында VYGON өкілдері өздерінің медициналық өнімдерін таныстырып, оларды қолданудағы көрсеткіштері мен ерекшеліктерін атап өтті.

Жаңа туған нәрестенің қан тамырына катетерді орналастыру ерекше қабілетті қажет етеді. Ол зергерлік жұмыспен тең десе де болады. Шеберлік сыныбында қатысушылар жаңа туған нәрестелерді парентеральды тамақтандырудың заманауи әдістерімен танысып, арнайы дәрістерді тыңдады.

#дәріс

#шеберліксыныбы

#Педиатрияорталығы

#оқыту