There is no translation available.

            

Прокуратура қызметкерлері балалардың арман-тілектерін орындады

Халықаралық балаларды қорғау күні аясында Алматы қаласының прокуратурасы Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығында ем алып жатқан қатерлі дертке шалдыққан балаларға түрлі сыйлықтар табыстап, балаларға мерекелік көңіл күй сыйлады.

Алматы қаласының прокуратурасы жыл сайын Балалар күні бүлдіршіндерді мерекемен құттықтауға асығады. Жылдағы дәстүр бойынша биылға шараға да әр қызметкер біркісідей атсалысқан.

Биыл Алматы қаласының прокуратурасы балаларды ерекше құттықтады. Орталықта ем алып жатқан әр баланың арман-тілегін орындап, балаларға тосын сый жасады. Бірде-бір хат назардан тыс қалмады. Мереке күні 150-ден аса бала армандаған сыйлықтарына ие болып, қуанышқа бөленді. Сыйлықтардың ішінде планшет, наушник, электросамокат, смартфон, лего конструктордан бастап, түрлі ойыншықтарға дейін бар.

Сыйлықтарды табыстау рәсімінде Прокуратура өкілдері ақ халатты абзал жандарға балалар саулығы жолында атқарып жатқан еңбектеріне зор   алғыстарын білдіріп, әр балаға тез сауығып шығуларын тіледі. Өз кезегінде армандаған сыйлықтарын алған әр бала және балаша қуанған әр ата-ана дән ризашылықтарын білдіріп, алғыстарын жаудырды.

«Балалар - біздің болашағымыз. Бала қуанса — әлем қуанады... Бәрі де балалардың болашағы, қуанышы үшін!», дейді Прокуратура өкілдері.

Науқас балаларға шат-шадыман көтеріңкі көңіл, шаттық пен қуаныш сыйлаған Алматы қаласы прокуратурасы қызметкерлеріне Педиатрия орталығы басшылығы және барша ата-аналар атынан зор алғысымызды білдіреміз!

#Мереке

#Балаларкүні

#Прокуратура

#Педиатрияорталығы

#балаларғақуаныш