There is no translation available.

 

 

 

10 қыркүйек күні Алматыда Қала күнін мерекелеу аясында жыл сайынғы Charity Music Run қайырымдылық музыкалық жүгіру марафоны өтті. Дәстүрге айналған жарыс барша салауатты өмір салтын ұстанушыларды, жүгіруді жақсы көретін жандар мен әлеуметтік белсенді адамдардың басын қосты. Шараға Педиатрия орталығының қызметкерлері де үлес қосты.

 

Бұл жоба қатерлі ісікке шалдыққан балаларға көмектесу және салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында жасалған.

Қатысушылар бірнеше қашықтық бойынша жүгірді:

- 10 км және 5 км жаяу жүру

- 10 км және 5 км жүгіру

- 21 км -жартылай марафон

- 2 км - балалар жарысы (7- 14 жас).

Жарыстың ашылу салтанатында Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының Басқарма төрағасының клиникалық қызметтер жөніндегі орынбасары Ерекешов Асылжан Әбубәкірұлы құттықтау сөз сөйлеп, марафонды ұйымдастырушыларға, оның басшысы - «Нұрбанк» АҚ төрағасы Эльдар Сәрсеновке, барша қатысушылар мен демеушілерге, еріктілер мен қайырымдылық акциясына үлес қосып жатқан барлық жанға зор алғысын білдірді.

Педиатрия орталығы жобаны ұйымдастырушы «Нұрбанк» АҚ-мен бес жылдан бері жұмыс істеп келеді. Осы уақыт ішінде біз материалдық-техникалық базаны жаңғырту және Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығына қажетті заманауи медициналық құрал-жабдықтармен жабдықтау жобасында елеулі табыстарға қол жеткіздік. Нұрбанктің қайырымдылық көмегінің арқасында 2018 жылы Педиатрия орталығында ем алып жатқан балалардың ата-аналары үшін жуынатын душ бөлмелері күрделі жөндеуден өтіп, жаңартылса, 2019 жылы сүйек кемігінің дің жасушаларын жинауға және сақтауға арналған жабдық алуға мүмкіндік берді. Ал, биылғы жылы біз жансақтау бөлімдеріне арнайы төсек-орындар алдық. Әр түрлі өзгерістер жасауға мүмкіндік беретін заманауи ыңғайлы төсектер науқас балалар үшін операциядан кейінгі оңалтуда оң әсерін береді. Биыл қатысушылар мен демеушілік көмектерден жиналған барлық қаражат Педиатрия орталығының жансақтау бөлімшелерін жабдықтауға жұмсалады.

«Дүниеде адамдарға бір тамшы болса да жақсылық жасағаныңызды сезінуден асқан әдемі сезім жоқ. Жақсылық жаса, сонда оның жемісін көресің», деген дана халқымыз. Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы шараның ұйымдастырушылары мен марафонға қатысып, қайырымдылық ізгі іс-шарасына үлес қосқан барша қатысушыларға шексіз алғысын білдіреді!

Балалар ешқашан ауырмасын!

#Педиатрияорталығы

#Нурбанк

#ЭльдарСарсенов

#charitymusicrun2023

#марафон

#қайырымдылықмарафоны