There is no translation available.

  

 

25 қазан ұлттық мереке - Республика күні. Айтулы күн қарсаңында балалар денсаулығын нығайту жолында елеулі еңбек сіңіріп, денсаулық сақтау ісін дамытуға айырықша үлес қосып келе жатқан Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының дәрігерлері ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің   жоғары наградаларымен марапатталды.

         Медицина саласының үздіктерін Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының Директорлар кеңесінің төрайымы Омарова Мариям Нұрғалиқызы мен орталық басшысы міндетін атқарушы Константин Хаиров марапаттап, барша қауымды еліміздің айтулы датасы Республика күнімен құттықтады.

         ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен Сәулелі диагностика бөлімінің УДЗ дәрігері Данияр Булатов, кітапханашы Қызғалдақ Какимова, мейірбике Күміскүл Дүйсенбекова,   мейірбике Айгүл Тілешева марапатталып, құрметке бөленді.

         Ал, «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» медалімен балалар уролог дәрігері Шоқан Тұрысбеков, зертханашы Бейбіткүл Иманбекова, мейірбике Хельчям Сулайманова, мейірбике Ардақ Қабықбаева марапатталып, ерен еңбектері бағаланды.

         «Еңбек ардагері» медалімен 40 жылдан астам ғұмырын балалар саулығына арнап келе жатқан Жақауова Нұрбибі Еркебайқызы марапатталды.

         Балалар денсаулығын сақтау саласындағы жемісті еңбегі мен денсаулық сақтау жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін берілген Құрмет грамоталарымен: балалар онкогематологы Ақбота Алпарова, тәрбиеші Гүлжан Ыдырысова, мейірбике Данагүл Зауытова, экономист Жанар Байболова марапатталды.

         Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі мен мінсіз адал еңбегі үшін ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Алғыс хатымен: Эндоскопия бөлімінің меңгерушісі Нышанбек Шыланбаев, тәрбиеші Күләш Жазықбекова, мейірбике Альбина Борамбаева, шаруашылық бике Гүлнұр Күлімқанова марапатталып, ерекше сый-құрметке бөленді.

         Сонымен қатар, салтанатты жиын барысында Сүндет Саргелов «Қазақстандық денсаулық сақтау қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің «Кәсіподақ ісіне сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталды.

         Республика күніне орай сондай-ақ орталықтың бірқатар мамандары С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-дың наградаларымен марапатталды. Атап айтқанда, университеттің дамуына қосқан айрықша үлесі үшін Хирургиялық блок басшысы Константин Хаиров «ҚазҰМУ ардагері» төсбелгісімен, Балалар онкологиясы және гематологиясы орталығының басшысы Гүлнара Абдилова Алтын медальмен, аға мейірбике Гүлбану Омарова Күміс медальмен, мейірбике Халидам Юсупова Қола медальмен, Кадр жұмысы бөлімінің аға маманы Гүлнұр Рыскелдиева Құрмет грамотасымен, инженер Ерқанат Дүйсебай Алғыс хатпен марапатталды.

        Ерен еңбектері бағаланып, еңбегі еленген барша марапат иелерін құттықтаймыз!

         Адам жанының арашашысы – ақ халатты абзал жандардың еңбектерi қандай марапатқа болса да лайық. Өйткені, олар балалар саулығы жолында аянбай қызмет етіп, қаншама мың сәбилер мен балаларға жаңа өмір, жарық күн сыйлап, тыным таппастан адамзатқа, ел болашағына қызмет етіп келеді. Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығында бар өмірі мен қызметін кішкентай нәрестелер мен балалар денсаулығына арнап келе жатқан 700-ден астам қызметкер аянбай қызмет етуде.

         Еліміздің көк туы әрдайым биікте желбірей берсін! Егемендігіміз баянды болсын! Жарқын болашақ, елдің ертеңі - жас ұрпақтың денсаулығын емдеу мен медициналық көмек көрсетуде қосар үлестеріңіз мол болсын!

#РеспубликаКүні

#ЕңбекБағаланғанКүн

#Балаларсаулығы

#Педиатрияорталығы

#Марапатжауғанкүн

#балалардәрігерлері