There is no translation available.

  

 

Жуырда Педиатрия орталығы қызметкерлері арасында футболдан жарыс өтті.

Қызықты да тартысты өткен футбол ойынына 40-тан аса қызметкер   қатысты.   Шараның өтуіне ұйтқы болған — Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының Кәсіподақ ұйымы.

Ақ халаттарын аяқ добына ауыстырған дәрігерлер тамаша ойын көрсетті. Сайыс қорытындысы бойынша 1 орынды айқын басымдылықпен өнер көрсеткен — Мейірағалар командасы ие болды. Футбол кубогы команда капитанына табысталды. 2 орынды Дәрігерлерден құралған құралған команда иеленді, 3 орын - Әкімшілік-шаруашылық командасына бұйырды.

Шарада сонымен қатар, футболда үздік ойын көрсеткен дәрігерлер арнайы аталымдармен марапатталды. Атап айтқанда, Кардиохирургия бөлімінің мейірағасы Еркебұлан Ыдырыс «Үздік сұрмерген» атанса, мықты қақпашы екендігін көрсеткен Жаңа туған нәрестелер реанимациясы бөлімінің мейірағасы Дастан Мажитов «Үздік қақпашы» номинациясымен марапатталды.

Ойыннан керемет әсер, шабыт алдық, тартысты ойын болды дейді, шараға қатысушылар.

Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы кубокпен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.      

«Жарыс қызметкерлер арасында бұқаралық спортты, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында Республика күні аясында арнайы өткізілді. Бағы мен бабы шапқан жеңімпаздарға, шараға атсалысып, ойын көрігін қыздырған барша азаматтарға алғысымды білдіремін. Қызметтен тыс, түрлі іс-шаралар әріптестікті арттырып, ұжымды ауызбіршілікке шақыратыны сөзсіз. Сондықтан, алдағы уақытта түрлі спорттық жарыстарды өткізу жоспарымызда бар», дейді Кәсіподақ мүшесі Сүндет Саргелов.

#футбол

#Педиатрияорталығы

#жарыс

#Республикакүні

#Балалардәрігерлері

#Кәсіподақ