There is no translation available.

 

 

1-2 желтоқсанда Педиатрия орталығында Ресей Федерациясынан келген спикерлердің, жетекші гематопатологтардың қатысуымен «Балалар мен жасөспірімдердің гематологиялық ауруларының морфологиялық диагностикасы» атты шеберлік сыныбы өтті. 

Іс-шараның мақсаты – балалар жасындағы гематологиялық аурулардың патоморфологиялық диагностикасын жетілдіру.

Шеберлік сыныбын профессор, медицина ғылымдарының докторы, патологиялық анатомия кафедрасының меңгерушісі, патоморфология ғылыми-клиникалық орталығының меңгерушісі, И.П.Павлова атындағы Санкт-Петербург мемлекеттік медицина университетінің №2 патоанатомиялық (гематопатология) кафедрасының меңгерушісі - Вадим Валентинович Байков пен И.П.Павлова атындағы Санкт-Петербург мемлекеттік медицина университетінің №2 патоанатомиялық (гематопатология) кафедрасының патологоанатом дәрігері, патологиялық анатомия кафедрасының ассистенті - Гусак Артем Александрович жүргізді.

Шеберлік сабағында педиатриялық тәжірибеде гематологиялық науқастарды диагностикалаудың қиындықтары талқыланды. Клиникалық жағдайлар баяндамаларын Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының патологоанатомдары: м.ғ.к. Махнева Анна Фридриховна, м.ғ.к.   Бекишева Айгүл Нұрпапайқызы, Жандилдина Диляра Талғатқызы ұсынды.

Тәжірибе алмасу мақсатында онлайн және офлайн түрінде өткен тренингке Қазақстан Республикасының патологанатомдары мен гематологтары қатысты.

Іс-шараны ұйымдастырушылар: АҚ «ПБХҒО» және «Карл Цейсс» ЖШС.

 

#НЦПДХ 

#мастеркласс 

#тренинг 

#НЦпедиатрии 

#конференция