15 ақпанда Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығында «Балалар онкологиясындағы паллиативтік көмектің негізгі принциптері» тақырыбында оқыту тренингі өтті.

Тренингті Ресейдің Дмитрий Рогачев атындағы Балалар гематологиясы, онкология және иммунология ұлттық медициналық ғылыми орталығының білікті маманы, дәрігер-эндоскопист,  балалар хосписінің  паллиативтік қызмет дәрігері Шубина Татьяна Сергеевна жүргізді. 

Тренингте онкологиялық ауруға шалдыққан балаларды тағамдық қолдау мәселелері, сонымен қатар гастростомия арқылы тағамдық қолдау көрсету принциптері талқыланды.

Тәжірибе алмасу мақсатында өткен тренингке онколог, гематолог, невропатолог, педиатр, гастроэнтеролог, хирург, реаниматолог дәрігерлері қатысты.